2011 жылы Качир ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы N 2/31 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 мамырда N 12-8-111 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 маусымдағы N 8/14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 17.06.2013 N 8/14 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағы 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысымен бекітілген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының (ІV сайланған ХХХІ сессиясы) 2011 жылғы 31 қаңтардағы "Облыстық мәслихаттың (ІV сайланған ХХІХ сессиясы) 2010 жылғы 13 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" N 324/29 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 338/31 шешіміне, Качир ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 мамырдағы N 142/4 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Качир ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру мәдениет және спорт мамандарына 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы ұсынылсын.
      2. Качир ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие түрінде бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2011.09.26 N 3/33 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Ғ. Әменова

      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы                       С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады