Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 3 шілде 2009 жылғы "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру жөнінде" N 91 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2011 жылғы 17 қаңтардагы № 06 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 17 қаңтарда № 874 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі N 05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 16.04.2014 N 05 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 3 шілде 2009 жылғы «Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру жөнінде» № 91 шешіміне (Нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 тамызда № 822 нөмірімен тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінің 2009 жылғы 18 тамызда № 96 санында және "Алматы Ақшамы" газетінің 2009 жылғы 20 тамызда № 98 санында жарияланған), төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасында № 1, № 3, № 107, № 248, № 249 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Б. Бейсеуовке жүктелсін.
      3. Осы нормативтік құқылық акті алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбек күнінен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                             М.Прінбеков

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің
2009 жылғы 3 шілдедегі «Алматы қаласы Алмалы
ауданы бойынша сайлау учаскелерін
құру жөнінде» № 91 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің
2011 жылғы 17 қаңтардагы № 06
шешіміне № 1 қосымшасы
 

№ 1 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Түркебаев көшесі,176,
№ 75 орта мектеп

      Шекарасы: Түркебаев көшесінен Абай даңғылының тақ санды жағымен Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесінің жұп санды жағымен Шәкәрім көшесіне дейін; Шәкәрім көшесінің жұп санды жағымен Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесінің жұп санды жағымен Құлымбетов көшесіне дейін; Құлымбетов көшесінің жұп санды жағымен Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесінің тақ санды жағымен Шәкәрім дейін; Шәкәрім көшесінің тақ санды жағымен Маршак көшесіне дейін; Маршак көшесінің тақ санды жағымен Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесінің жұп санды жағымен Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін.

№ 3 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 33,
№ 67 орта мектеп

      Шекарасы: Гайдар көшесінен Абай даңғылының тақ санды жағымен Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесінің жұп санды жағымен Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесінің тақ санды жағымен Маршак көшесіне дейін; Маршак көшесінің жұп санды жағымен Шәкәрім көшесіне дейін; Шәкәрім көшесінің жұп санды жағымен Түркебаев

көшесіне дейін; Түркебаев көшесінің жұп санды жағымен Құлымбетов көшесіне дейін; Құлымбетов көшесінің жұп санды жағымен Гайдар көшесіне дейін; Гайдар көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін, Гайдар көшесіндегі, № 196 және 198 үйлерді қоса.

№ 107 сайлау учаскесі
Орталығы: Абай даңғылы, 191,
Тау-кен істері институты

      Шекарасы: Қарасай батыр көшесінен Прокофьев көшесінің тақ санды жағымен Шәкәрім көшесіне дейін; Шәкәрім көшесінің тақ санды жағымен Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының тақ санды жағымен Сайран көлінің шығыс жағалауына дейін; Сайран көлінің шығыс жағалауымен Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесінің жұп санды жағымен Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесінің тақ санды жағымен Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің жұп санды жағымен Прокофьев көшесіне дейін.

№ 248 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі,
113, № 15 лингвистикалық гимназия

      Шекарасы: Наурызбай батыр көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейін; Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің жұп санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін: Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Масанчи көшесіне дейін; Масанчи көшесінің тақ санды жағымен Жібек жолы даңғылына дейін; Жібек жолы даңғылының жұп санды жағымен Наурызбай батыр көшесіне дейін; Наурызбай батыр көшесінің тақ санды жағымен Гоголь көшесіне дейін, Ахмет Байтұрсынұлы көшесіндегі, № 2 үйді және Мақатаев көшесіндегі, № 158 үйді шығара.

№ 249 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 161,
Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті

      Шекарасы: Ахмет Байтұрсынұлы көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен Әди Шәріпов көшесіне дейін; Әди Шәріпов көшесінің жұп санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейін; Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің тақ санды жағымен Гоголь көшесіне дейін, Ахмет Байтұрсынұлы көшесіндегі, № 2 үйді және Мақатаев көшесіндегі, № 158 үйді қоса.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады