Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 91 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру жөнінде" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы N 96 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда N 917 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі N 05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 16.04.2014 N 05 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық Заңының 23 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 91 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру жөнінде» (Нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 ж. 10 тамызда № 822 нөмірімен тіркелген, «Вечерний Алматы» газетінің 2009 жылғы 18 тамыз № 96 санында және «Алматы ақшамы» газетінің 20 тамыз 2009 жылда № 98 санында жарияланған), (17 қаңтар 2011 жылғы Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 91 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру жөнінде» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 06 шешімімен өзгерістер енгізілген (Нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 ж. 17 қаңтарда № 874 нөмірімен тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінің 20 қаңтар 2011 жылда № 6 (4408) санында жарияланған)) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасындағы № 7, № 36, № 247, № 248, № 249, № 251 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Б. Бейсеуовке жүктелсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                М. Прінбеков

Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімінің
2011 жылғы «28» желтоқсандағы
№ 96 шешіміне № 1 қосымша

№ 7 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 66/5
Құрманғазы көшесінің қиылысы, Ахмет Жұбанов атындағы
музыкалық мектеп, телефон: 375-55-42.

      Шекарасы: Клочкова көшесінен Шевченко көшесінің жұп санды жағымен Әуезов көшесіне дейін; Әуезов көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының тақ санды жағымен Клочкова көшесіне дейін; Клочкова көшесінің жұп санды жағымен Шевченко көшесіне дейін, Әуезов көшесіндегі, № № 64/1, 64/2, 64/3, 64/4, 66/5, және де Шевченко көшесіндегі, № 164 г үйді қоса.

№ 36 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 13,
Чайковский атындағы музыкалық колледж, телефон: 379-92-24.

      Шекарасы: Әуезов көшесінен Қарасай батыр көшесінің жұп санды жағымен Текстильный көшесіне дейін; Текстильный көшесінің тақ санды жағымен Қабанбай батыр көшесіне дейін; Қабанбай батыр көшесінің жұп санды жағымен Нұрмақов көшесіне дейін; Нұрмақов көшесінің тақ санды жағымен Жамбыл көшесіне дейін; Жамбыл көшесінің жұп санды жағымен Манас көшесіне дейін; Манас көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының тақ санды жағымен Әуезов көшесіне дейін; Әуезов көшесінің жұп санды жағымен Қарасай батыр көшесіне дейін; Әуезов көшесіндегі, №№ 64/1, 64/2, 64/3, 64/4, және 66/5, және де Шевченко көшесіндегі, № 164 г үйді шығара;

№ 247 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 142,
Жетысу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар орталығы, телефон: 279-35-87.

      Шекарасы: Чайковский көшесінен Жібек жолы даңғылының тақ санды жағымен Масанчи көшесіне дейін; Масанчи көшесінің жұп санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Чайковский көшесіне дейін; Чайковский көшесінің тақ санды жағымен Жібек жолы даңғылына дейін; Масанчи көшесіндегі, №№ 3, 5 және де Мақатаев көшесіндегі, № 156 үйді қоса.

№ 248 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 113,
№ 15 лингвистикалық гимназия, телефон: 279-45-10, 279-51-10.

      Шекарасы: Наурызбай батыр көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейін; Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің жұп санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Масанчи көшесіне дейін; Масанчи көшесінің тақ санды жағымен Жібек жолы даңғылына дейін; Жібек жолы даңғылының жұп санды жағымен Наурызбай батыр көшесіне дейін; Наурызбай батыр көшесінің тақ санды жағымен Гоголь көшесіне дейін, Масанчи көшесіндегі, №№ 3, 5 және де Мақатаев көшесіндегі, № 156 үйді шығара.

№ 249 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 161,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,
телефон: 233-45-89

      Шекарасы: Ахмет Байтұрсынұлы көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен Әди Шәріпов көшесіне дейін; Әди Шәріпов көшесінің жұп санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейін; Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің тақ санды жағымен Гоголь көшесіне дейін; Жібек жолы даңғылындағы №№ 151 және 153, және де Мақатаев көшесіндегі № 158 және Ахмет Байтұрсынұлы көшесіндегі № 2 үйді шығара.

№ 251 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Әди Шәріпов көшесі, 25/27,
№ 16 орта мектеп, телефон: 229-92-60, 233-75-02.

      Шекарасы: Әди Шәріпов көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесінің жұп санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Әди Шарипов көшесіне дейін; Әди Шарипов көшесінің тақ санды жағымен Гоголь көшесіне дейін; Жібек жолы даңғылындағы № 151 және 153 үйді қоса.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады