Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2009 жылғы 03 маусымдағы № 6/10 "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы N 01-05/4 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда N 916 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі N 01-05/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 21.04.2014 N 01-05/3 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37 бабына сәйкес, сайлау учаскелері шекараларының өзгеруіне және жаңа сайлау учаскелерінің құрылуына байланысты аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2009 жылғы 03 маусымдағы № 6/10 «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 22 маусымда № 818 тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2009 жылдың 23 шілдесінде № 86, «Вечерний Алматы» газетінде 2009 жылдың 09 шілдесінде № 79 жарияланған) қосымшасына осы шешімге берілген қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Ж.Әлияроваға жүктелсін.
      3. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің осы шешімін Әділет орғандарында мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4. Осы нормативтік құқықтық акт, алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік есеппен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әуезов ауданының әкімі                         Б.Торғаев

Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2011 жылдың «27» желтоқсанындағы
№ 01-05/4 шешіміне қосымша

№ 143 сайлау учаскесi
(орталығы: № 141 орта мектеп, Жетiсу-2 ықшам ауданы,
86 үй, телефоны: 299-95-14)

      Шекаралары: Жетiсу-1 ықшам ауданы: №№ 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23,  24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32 ,33, 34, 35  үйлер.

№ 151 сайлау учаскесi
(орталығы: № 157 орта мектеп, Қалқаман ықшам ауданы,
Байтұрсынов көшесі, 36, телефоны: 297-31-69)

      Шекаралары: Қалқаман-2 ықшам ауданы (бұрынғы төменгі Каменка). Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әбішев көшесінен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Бегалиев көшесінің шығыс жағымен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Комсомольская тұйық көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Комсомольская тұйық көшесінің оңтүстік жағымен, Әуезов ауданының батыс шекарасына дейін. Ауданның батыс шекарасының шығыс бойымен, оңтүстікке қарай, Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Байтұрсынов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Байтұрсынов көшесінің оңтүстік жағымен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әуезов көшесіннің батыс жағымен (шекарадан Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әуезов көшесіндегі үйлерді шығара отырып) Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Байзақ батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Байзақ батыр көшесінің солтүстік жағымен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Ақтамберді жырау көшесіне дейін.  Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Ақтамберді жырау көшесінің батыс жағымен солтүстікке қарай Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Құлыбеков көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Құлыбеков көшесінің оңтүстік жағымен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әуезов көшесінің батыс жағымен  Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әлжаппар Әбішев көшесіне дейін.    Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әлжаппар Әбішев көшесінің оңтүстік жағымен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Бегалиев көшесіне дейін.

№ 426 сайлау учаскесi
(орталығы: Қазақ жол қатынастары университеті
Жетiсу-1 ықшам ауданы, 32-А, телефоны: 376-74-78)

      Шекаралары: Жетiсу-1 ықшам ауданы: №№ 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 52, 53, 54, 55. Жетiсу-3 ықшам ауданы – түгел.

№ 428 сайлау учаскесi
(орталығы: № 7 қалалық клиникалық аурухана,
Қалқаман ықшам ауданы, телефоны: 270-86-20)

      Шекаралары: Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әуезов көшесінен батысқа қарай, Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әлжаппар Әбішев көшесінің солтүстік жағымен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Бегалиев көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Бегалиев көшесінің батыс жағымен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Комсомольская тұйық көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Комсомольская тұйық көшесінің солтүстік жағымен ауданның батыс шекарасына дейін. Ауданның шығыс шекарасымен солтүстікке қарай, Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жағымен шығысқа қарай Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әуезов көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әлжаппар Әбішев көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әлжаппар Әбішев көшесінің солтүстік жағымен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Бегалиев көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады