2011 жылға Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме ақы және үй алу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы N 4-35-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 маусымда N 13-3-137 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы N 68 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2012.06.28 N 68 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-III «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2011 жылға өтінген қажеттілігінің есебімен Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына:
      1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) өтініш түскен кезеңнен тұрғын үй сатып алу үшін мамандардың өтінген сомасында бюджеттік кредит сомасы бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2011.08.18 N 4-37-1 Шешімімен
      2. «Айыртау аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту бойынша уәкілетті орган ретінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бекітілген Ережелеріне сәйкес (одан әрі Ережелер) әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміттенетін мамандардың құжаттарын қабылдауын және тіркеуін жүзеге асырсын, ұсынылған құжаттардың растығын тексерсін, қаржылық қаражаттың қажеттігін есеп айрысуын жасасын, Айыртау ауданы әкімдігінің жанындағы тұрақты - әрекеттегі комиссиясына қарауына құжаттарды жолдасын және осы шешімнің іске асыру бойынша шаралар қолдансын.
      3. Айыртау ауданы әкімдігінің жанындағы тұрақты - әрекеттегі комиссиясы бекітілген Ережелерге сәйкес ұсынылған құжаттарды қарасын және аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы ұсыныс жасасын.
      4. Айыртау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 4-23-9 «Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы» шешімінің (мемлекеттік тіркеу номері № 13-3-117, 2010 жылғы 5 мамырда «Айыртау таңы» және «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың ХХХV                  Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс сессиясының төрағасы          хатшысы
      Ю. Дундук                                  Қ. Хамзин

      КЕЛІСІЛДІ: 2011 жылғы 10 мамыр

      «Айыртау ауданының ауыл шаруашылық
      және ветеринария бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Қ. Сейтмағамбет

      «Айыртау ауданының экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        М. Рамазанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады