"Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 21 маусымдағы N 24/3 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 шілдедегі N 34/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 тамызда N 13-7-154 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 қаңтардағы N 35/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 21.01.2015 N 35/3 шешімімен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 21 маусымдағы № 24/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 26 шілдедегі № 13-7-132 тіркелген, 2010 жылғы 13 тамыздағы № 35 "Ауыл арайы – Сельская новь" газеттерінде жарияланған), келесі толықтыру енгізілсін:
      бірінші тармақ жана редакцияда жазылсын:
      "1. Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін негізгі қызмет бойынша жылына бір рет, бір мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілсін".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс ХXХІV
      сессиясының төрағасы

Б. Мұсабаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы

Б. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады