"Жеке санаттағы мұқтаж ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 8 ақпандағы N 180 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 253 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 сәуірде N 13-11-208 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 мамырдағы N 104 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 15.05.2013 шешімімен

      «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Жеке санаттағы мұқтаж ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 18 наурызында тіркелген № 13-11-171, «Тайынша таңы» 2010 жылғы 9 сәуірде, «Тайыншинские вести» 2010 жылғы 9 сәуірде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 8 ақпандағы № 180 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 2) тармақшасындағы «республикалық және облыстық басылымдарға жазылу құнының мөлшерінде мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға жылына бір рет, бір адамға бір дана» сөздер алынып тасталсын;
      2) 1 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Алпысбаев
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Н. Трифонов

      КЕЛІСІЛГЕН
      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ю. Солунина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады