"2011 жылда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 241 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қыркүйектегі N 289 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 3 қазанда N 13-11-216 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы N 05-20-205 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 09.10.2013 N 05-20-205 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «2011 жылда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 241 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 21 қаңтарда тіркелген № 13-11-202, «Тайынша таңы» газетінде 2011 жылдың 25 ақпанында және «Тайыншинские вести» газетінде 2011 жылдың 25 ақпанында жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – айлық есеп айырысу көрсеткіштің бір мың бес жүздік мөлшерінен асып түспейтін (аспайтын) сомасындағы бюджеттік кредит».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            О. Жақыпова

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Н. Трифонов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының ауыл шаруашылық және
      ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      Бастығы (СҚО ТААШЖВБ)
      5 тамыз 2011 жыл                           А. Сабуров

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының экономика және
      қаржы бөлімінің
      Бастығы СҚО ТАЭЖҚБ)
      5 тамыз 2011 жыл                           Б. Сәрсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады