"Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2010 жылғы 7 қазанындағы N 3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2011 жылғы 21 қарашадағы N 1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 13-14-142 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148-11 Заңының 37-бабы, 35-бабының 2-тармағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармағы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурызынан № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы 21-бабының, Жаңажол селолық округі азаматтарының жиындағы шешімін ескере отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2010 жылғы 7 қазанындағы № 3 «Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округ елді-мекендерінің көшелеріне атаулар беру» шешіміне (2010 жылғы 28 қазанында № 13-14-112 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде тіркелген, 2010 жылдың 5 қарашасында аудандық «Парыз» газетінің № 45 нөмірінде және 2010 жылдың 5 қарашасында № 46 нөмірінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      1 тармақта 1), 2), 3) тармақшалар жаңа маңызында баяндалсын:
      «1) Жаңажол селосы бойынша:
      Бірінші көшеге – Есіл
      Екінші көшеге – Мектеп
      Үшінші көшеге – Қазақстан Республикасы
      Төртінші көшеге – Аққайың
      Бесінші көшеге – Бәйтерек»;
      «2) Жаңаталап ауылы бойынша:
      Бірінші көшеге – Бейімбет
      Екінші көшеге – Бейбітшілік»;
      «3) Кеңес ауылы бойынша:
      Бірінші көшеге – Абылай хан атындағы
      Екінші көшеге – Мектеп
      Үшінші көшеге - Достық».
      2. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округ әкімі                        С. Дюсюмбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады