Атырау қаласындағы көшелер мен өткелдердің атын өзгерту және атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы N 277 және Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы N 704 бірлескен шешімі мен қаулысы. Атырау облысының әділет Департаментінде 2011 жылғы 22 маусымда N 4-1-140 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 631 баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Атырау қаласындағы көшелер мен өткелдерге келесі атаулармен өзгертілсін:
      1) Верхне-Садовая көшесі – "Мұхтаров Шәмкен" көшесіне;
      2) Кольцов көшесі – "Жұмағалиев Құмар" көшесіне;
      3) Ярославская көшесі – "Есполов Қабиболла" көшесіне;
      4) Вагонная көшесі – "Дәулетов Шайден" көшесіне;
      5) Грозненская көшесі – "Дүсіпов Сейдеғали" көшесіне;
      6) Арзамасский өткелі – "Қамешев Ибат" өткеліне;
      7) Фетисов өткелі – "Назарұлы Жалғас" өткеліне.
      2. Атырау қаласындағы Жерұйық шағынауданындағы № 26 көшеге Әубекеров Асылбектің атауы берілсін.
      3. Атырау қаласындағы Жерұйық шағынауданындағы № 22 көшеге Өрекешев Сәрсеннің атауы берілсін.
      4. Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданындағы № 6 көшеге Чердабаев Тымықбайдың есімі берілсін.
      5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қарабаеваға және қалалық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.

      ХХІІІ сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы                   Б. Қазиманов

      Қала әкімі                                 М. Исмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады