Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 439 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 желтоқсанда № 4-3-165 тіркелді. Күші жойылды - Махамбет ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 06 ақпандағы № 78 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Махамбет ауданы әкімдігінің 2013.02.06 № 78 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137-баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 36-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 1129-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 329 "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедек балалардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу үшін ай сайын 2, 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
      2. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Н.Қалиев) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Арстановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 тамызынан туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Ө. Зинуллин
 

О возмещении затрат родителям или иным законным представителям детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Постановление акимата Махамбетского района Атырауской области № 439 от 21 декабря 2011 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 27 декабря 2011 года № 4-3-165. Утратило силу - постановлением Махамбетского районного акимата Атырауской области от 06 февраля 2013 года № 78

      Сноска. Утратило силу - постановлением Махамбетского районного акимата Атырауской области от 06.02.2013 № 78
      В соответствии со статьями 3137 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 13 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", статьей 36 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", статьями 1129 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" и постановлением акимата Атырауской области от 21 ноября 2011 года № 329 "О возмещении затрат родителям или иным законным представителям детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказать материальную помощь в размере 2, 4 месячного расчетного показателя ежемесячно, родителям или иным законным представителям детей-инвалидов для возмещения затрат на обучение и воспитание на дому.
      2. Государственному Учреждению "Махамбетский районный отдел занятости и социальных программ" (Н.Калиев) обеспечить реализацию настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Арстанова С.К.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 августа 2011 года.

      Аким района                                У. Зинуллин