Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын және мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 мамырдағы № XXIХ-4 шешімі. Атырау облысының әділет департаментінде 2011 жылғы 8 маусымда N 4-5-148 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № Х-5 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 21.12.2012 № Х-5 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көрсетілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы"қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қызылқоға аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) және белгіленген мөлшері бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық  мәслихаттың ХХІХ
      сессиясының  төрағасы:                     С. Сарсенгалиева

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады