Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 282 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 қаңтарда № 4-5-157 тіркелді. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпанадағы № 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2013.02.25 № 40 қаулысымен. 
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 1129 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 329 "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедек балалардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу үшін ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Қызылқоға ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 тамызынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Б. Сәрсенғалиев

О возмещении затрат родителям или иным законным представителям детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Постановление Кызылкогинского районного акимата Атырауской области № 282 от 29 декабря 2011 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 16 января 2012 года № 4-5-157. Утратило силу - постановлением Кызылкогинского районного акимата Атырауской области от 25 февраля 2013 года № 40

      Сноска. Утратило силу постановлением Кызылкогинского районного акимата Атырауской области от 25.02.2013 № 40.
      В соответствии со статьями 3137 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 13 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями",статьями 1129 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" и постановлением акимата Атырауской области от 21 ноября 2011 года № 329 "О возмещении затрат родителям или иным законным представителям детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказать материальную помощь в размере 2,4 месячного расчетного показателя ежемесячно, родителям или иным законным представителям детей-инвалидов для возмещения затрат на обучение и воспитание на дому.
      2. Отделу занятости и социальных программ Кызылкугинского района принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Шаяхметова.Б.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечений десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения возникшие с 1 августа 2011 года.

      Аким района                                Б. Сарсенгалиев