Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 21 қыркүйектегі N 44/437-IV Шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қарашадағы N 295 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 8 желтоқсанда N 2064 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы, Мақтаарал, Шардара аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
      Арыс қаласы бойынша:
      Задария ауылдық округі – Сырдария ауылдық округі болып;
      Задария елді мекені – Сырдария ауылы болып;
      Дермене ауылдық округінің Лесхоз елді мекені – Орманды ауылы болып;
      Қазығұрт ауданы бойынша:
      Көкібел ауылдық округі – Сабыр Рақымов ауылдық округі болып;
      Рабат ауылдық округі – Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі болып;
      Алтынтөбе ауылдық округінің Лесхоз елді мекені – Қырыққыз ауылы болып;
      Мақтаарал ауданы бойынша:
      Абай ауылдық округі – Достық ауылдық округі болып;
      Ынтымақ ауылдық округі – Қазыбек би ауылдық округі болып;
      Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі Жеңіс ауылы – Алпамыс ауылы болып;
      Ж.Ералиев ауылдық округіндегі Жамбыл ауылы – Жетіқұбыр ауылы болып;
      Атамекен ауылдық округіндегі Гагарин ауылы – Ғарышкер ауылы болып;
      Мақталы ауылдық округіндегі Ғ.Мұратбаев ауылы  – Дархан ауылы болып;
      Ж.Ералиев ауылдық округіндегі Қызыләскер ауылы – Жетіқазына ауылы болып;
      Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі «Қазақ ССР-нің 30 жылдығы» ауылы - Өнімгер ауылы болып;
      Шардара ауданы бойынша:
      Целинный ауылдық округі – Алатау батыр ауылдық округі болып қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       К.Жартыбаев
      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов
      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ә.Досболов
 
      Облыс әкімінің бірінші орынбасары          Б.Оспанов
      Облыс әкімдігінің аппарат басшысы          Б.Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Е.Айтаханов
      Облыс әкімінің орынбасары                  Б.Алиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Ә.Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары                  С.Қаныбеков
      Облыстық экономика және
      бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы                      Е.Садыр
      Облыстық қаржы басқармасының бастығы       Р.Исаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады