Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы N 41 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда N 14-4-93 тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 8 мамырдағы № 532 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 08.05.2019 № 532 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қалалық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісімі бойынша), сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар тізімі № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының жетекшісі Б.Дүйсеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Молдасеитов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Түркістан қалалық

      сайлау комиссияның төрағасы:

      __________Арысбеков Серғазы Ақтөреұлы

      24 ақпан 2011 жыл

  Түркістан қаласы әкімдігінің
24 ақпан 2011 жылғы № 41
қаулысының № 1 қосымшасы

Сайлау өткізу кезеңінде, барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі

      Түркістан қаласы бойынша:

      Б.Саттарханов даңғылы,

      Қазыбек би көшесі,

      Кентау тас жолы мен айналма тас жолының қиылысы,

      Тәуке хан даңғылы, Амангелді аялдамасының тұсы,

      Темір жол вокзалының аумағы, Әл-Фараби мектебінің аумағы,

      О.Жандосов көшесі.

      Ауылдық округтер:

      Шорнақ ауылдық округі бойынша:

      С.Тоймахан, Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысы.

      Жүйнек ауылдық округі бойынша:

      Түркістан көшесі.

      Қарашық ауылдық округі бойынша:

      Түркістан–Қарнақ тас жолы.

      Шаға ауылдық округі бойынша:

      М.Мұса атындағы жалпы орта мектебінің аумағы.

      Иассы ауылдық округі бойынша:

      "Шобанақ" атындағы жалпы орта мектебінің аумағы,

      Түркістан-Арыстанбаб тас жолы.

      Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша:

      Ибата елді мекені, Иқан көшесі.

      Оранғай ауылдық округі бойынша:

      Кентау–Түркістан тас жолы.

      Үшқайық ауылдық округі бойынша:

      Абдулла Үсенов көшесі,

      Әлия Молдағұлова көшесі.

      Ескі Иқан ауылдық округі бойынша:

      Д.Қонаев көшесі,

      Шымкент - Түркістан тас жолы мен Д.Қонаев көшесінің қиылысы.

      Сауран ауылдық округі бойынша:

      "Майдантал" ауылдық емхананың алды,

      Сауран ауылдық округі әкімдігі ғимаратының алды.

      Бабайқорған ауылдық округі бойынша:

      Абай көшесі Абай атындағы жалпы орта мектебінің аумағы.

      Жібек Жолы ауылдық округі бойынша:

      "Жібек жолы" жалпы орта мектебінің аумағы,

      "Шойтөбе" шағын жинақталған бастауыш мектебінің аумағы.

  Түркістан қаласы әкімдігінің
24 ақпан 2011 жылғы № 41
қаулысының № 2 қосымшасы

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар тізімі

      Түркістан қаласы бойынша:

      Түркістан қаласы, Есімхан алаңында орналасқан қалалық мәдениет үйі.

      Үшқайық, Шорнақ, Жібек Жолы ауылдық округтері бойынша:

      Шорнақ елді мекенінде орналасқан Шорнақ мектебінің акті залы.

      Оранғай, Шаға, Иассы ауылдық округтері бойынша:

      Еңбекші Дихан елді мекенінде орналасқан, "Шобанақ" жалпы орта мектебінің акті залы.

      Ескі Иқан, Жаңа Иқан ауылдық округтері бойынша:

      Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының акті залы.

      Қарашық, Жүйнек ауылдық округтері бойынша:

      Жүйнек елді мекені, "Югнаки" жалпы орта мектебінің акті залы.

      Бабайқорған, Сауран ауылдық округтері бойынша:

      Бабайқорған елді мекені, "Бабайқорған" жалпы орта мектебінің акті залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады