Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы N 423 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 наурызда N 14-7-137 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 959 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011.04.11 N 959 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін Жетісай қаласы, Амангелді көшесінде орналасқан «Мәдениет үйі», Мырзакент кенті, Асықата кенті, Атакент кенті әкімі аппаратының мәжіліс залдары берілсін.
      3. Қала, кент, ауылдық округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Тұрбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Мақтаарал аудандық сайлау
      комиссияның төрағасы:
      ______________Ә.Сүртеков

      "2" наурыз 2011 жыл

Мақтаарал аудан әкімдігінің
2011 жылғы «02» наурыздағы
№ 423 қаулысына № 1 қосымша

      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар

Жетісай қаласы

      1. Ескендіров көшесі бойындағы Абай атындағы жалпы орта мектебі
      2. Л.Мұсабаев көшесі бойындағы Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі
      3. Амангелді көшесі бойындағы Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі
      4. Л.Мұсабаев көшесі бойындағы М.Горький атындағы жалпы орта мектебі
      5. Л.Тоқбергенов көшесі бойындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы ғимараты.

Қазыбек би ауылдық округі

      1. Құрбаната елді мекенінде орналасқан Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі
      2. Ә.Оспанов елді мекенінде орналасқан Амангелді атындағы жалпы орта мектебі
      3. Жамбыл елді мекенінде орналасқан Байзақов атындағы жалпы орта мектебі
      4. Таубай ата елді мекенінде орналасқан М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі.

А.Қалыбеков ауылдық округі

      1. Атамұра елді мекеніндегі Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мектебі
      2. Абат елді мекенінде орналасқан Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі
      3. Үлгілі елді мекенінде орналасқан Үлгілі жалпы орта мектебінің алды.

Достық ауылдық округі бойынша

      1. Достық елді мекенінде орналасқан мәдениет үйі
      2. Гүлстан елді мекенінде орналасқан Тұрсынзаде атындағы жалпы орта мектебі
      3. Хайдар елді мекенінде орналасқан С.Айни атындағы жалпы орта мектебі
      4. Бескетік елді мекенінде орналасқан М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі.

Қарақай ауылдық округі

      1. Сәтпаев елді мекенінде орналасқан Ш.Құдайбердиев атындағы жалпы орта мектебі
      2. Қарақай елді мекенінде орналасқан М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебі
      3. Кетебай елді мекенінде орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі
      4. Қараөзек елді мекенінде орналасқан «Қараөзек» жалпы орта мектебі.

Жаңа ауыл ауылдық округі

      1. Ынтымақ елді мекенінде орналасқан Ш.Құдайбердиев атындағы жалпы орта мектебі
      2. Мырзашөл елді мекенінде орналасқан фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының жанында
      3. Атақоныс елді мекенінде орналасқан Жәми атындағы жалпы орта мектебі
      4. Қарой елді мекенінде орналасқан фельдшерлік-акушерлік пункті ғимараты
      5. Жаңа ауыл елді мекенінде орналасқан Яссауи атындағы жалпы орта мектебінің алды
      6. Әбдіхалық елді мекенінде орналасқан Майлин атындағы жалпы орта мектебі.

Жылы су ауылдық округі

      1. Байқоныс елді мекенінде орналасқан Әуезов атындағы жалпы орта мектебі
      2. Сейфуллин елді мекенінде орналасқан Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
      3. Жылы су елді мекенінде орналасқан Шоқай атындағы жалпы орта мектебі
      4. Әл-Фараби елді мекенінде орналасқан № 114 жалпы орта мектебі
      5. Баққоныс елді мекенінде орналасқан Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі
      6. Мырзашоқы елді мекенінде орналасқан Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі.

Асықата кенті

      1. М.Әуезов көшесінде орналасқан «Қайнар» мектеп–гимназиясы
      2. А.Әлімбетов көшесінде орналасқан «Жеңіс» мектеп-гимназиясы
      3. Қазыбек би көшесінде орналасқан Асықата орталық № 1 ауруханасы
      4. Әбілқасымов көшесінде орналасқан № 15 кәсіптік мектеп.

Ынтымақ ауылдық округі

      1. Өркенді елді мекенінде орналасқан Асықата жалпы орта мектебі
      2. Әден ата елді мекенінде орналасқан Ынтымақ жалпы орта мектебі
      3. Талапты елді мекенінде орналасқан С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі
      4. Көрікті елді мекенінде орналасқан Еңбек жалпы орта мектебі.

Ш.Ділдабеков ауылдық округі

      1. Жеңіс елді мекенінде орналасқан Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі
      2. Бірлік елді мекенінде орналасқан С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі
      3. Сұлубұлақ елді мекенінде орналасқан «Қызылтаң» жалпы орта мектебі
      4. Зерделі елді мекенінде орналасқан Н.Исмайлов атындағы жалпы орта мектебі
      5. Жаңа дала елді мекенінде орналасқан «Жаңа дала» жалпы орта мектебі.

Ж.Ералиев ауылдық округі

      1. Арай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйінің ғимараты
      2. Әлімбетов елді мекенінде орналасқан «Сырдария» жалпы орта мектебі
      3. Қызыл әскер елді мекенінде орналасқан Ә.Қастеев атындағы жалпы орта мектебі
      4. Үтіртөбе елді мекенінде орналасқан Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебі
      5. Көктөбе елді мекенінде орналасқан М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі
      6. С.Сейфуллин елді мекенінде орналасқан С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі.

Абай ауылдық округі

      1. Жүзімдік елді мекенінде орналасқан Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі
      2. Бейбітшілік елді мекенінде орналасқан Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі
      3. Отан елді мекенінде орналасқан Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі.

Қызылқұм ауылдық округі

      1. Еңбекші елді мекенінде орналасқан «Қызылқұм» жалпы орта мектебі
      2. Первомайское елді мекеніндегі Я.Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі.

Мақталы ауылдық округі

      1. Ғ.Мұратбаев елді мекенінде орналасқан Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі
      2. А.Чехов елді мекенінде орналасқан А.Чехов атындағы жалпы орта мектебі
      3. Ы.Алтынсарин елді мекенінде орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
      4. Алмалы елді мекенінде орналасқан «Достық» жалпы орта мектебі.

Атамекен ауылдық округі

      1. Атамекен елді мекенінде орналасқан «Жібек жолы» жалпы орта мектебі
      2. Талапты елді мекенінде орналасқан «Мырзашөл» жалпы орта мектебі
      3. Жемісті елді мекенінде орналасқан Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебі
      4. Мақташы елді мекенінде орналасқан «Мақташы» жалпы орта мектебі
      5. Қоғалы елді мекенінде орналасқан Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі.

Мырзакент кенті

      1. Мырзакент кенті орналасқан С.Жәштаев көшесіндегі кент әкімі аппараты ғимараты.

Атакент кенті

      1. Н.Төреқұлов көшесінде орналасқан «Достық» мәдениет үйі.

Мақтаарал ауылдық округі

      1. Береке елді мекенінде орналасқан Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі
      2. Мәдениет елді мекенінде орналасқан «Мәдениет» жалпы орта мектебі
      3. Игілік елді мекенінде орналасқан Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі
      4. Көкарал елді мекенінде орналасқан Т.Бигельдинова атындағы жалпы орта мектебі
      5. Назарбек елді мекенінде орналасқан А.Навои атындағы жалпы орта мектебі
      6. Н.Есентаев елді мекенінде орналасқан М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебі
      7. Азаттық елді мекенінде орналасқан «Мәдениет үйі» ғимараты.

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі

      1. Өнімкер елді мекенінде орналасқан Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі
      2. Ынталы елді мекенінде орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
      3. Мырзатөбе елді мекенінде орналасқан М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі.

Бірлік ауылдық округі

      1. Қ.Пернебаев елді мекенінде орналасқан «Бірлік» жалпы орта мектебі
      2. Табысты елді мекенінде орналасқан И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебі
      3. Алғабас елді мекенінде орналасқан «Береке» жалпы орта мектебі.

Жамбыл ауылдық округі

      1. Октябрь елді мекенінде орналасқан № 117 жалпы орта мектебі
      2. Абай елді мекенінде орналасқан Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі
      3. Көкпарсай елді мекенінде орналасқан С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі.

Жаңажол ауылдық округі

      1. Ақ жол елді мекенінде орналасқан «Жаңа жол» жалпы орта мектебі
      2. Ақ жол елді мекенінде орналасқан «Жаңа жол» жалпы орта мектебі
      3. Өргебас елді мекенінде орналасқан Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі
      4. Фирдауси елі мекенінде орналасқан Фирдауси атындағы жалпы орта мектебі
      5. Жеңіс елді мекенінде орналасқан Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі.

Иіржар ауылдық округі

      1. Диқан елді мекенінде орналасқан Қажымұхан атындағы жалпы орта мектебі
      2. Иіржар елді мекенінде орналасқан «Асылмұра» жалпы орта мектебі
      3. Азамат елді мекенінде орналасқан Х.Алимжан атындағы жалпы орта мектебі
      4. Наурыз елді мекенінде орналасқан Н.Бекежанов атындағы жалпы орта мектебі
      5. Алаш елді мекенінде орналасқан «Жас Алаш» жалпы орта мектебі
      6. Мақтажан елді мекенінде орналасқан «Мақтажан» жалпы орта мектебі.

Еңбекші ауылдық округі

      1. Т.Жайлыбаев елді мекенінде орналасқан округ әкімі аппаратының ғимараты
      2. Нұрлы таң елді мекенінде орналасқан «Нұрлы таң» жалпы орта мектебі
      3. Шұғыла елді мекенінде орналасқан «Шұғыла» жалпы орта мектебі
      4. Жантақсай елді мекенінде орналасқан № 116 жалпы орта мектебі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады