Аудан бойынша жекелеген елді мекеннің шекарасын бекіту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 24 маусымдағы N 44/5 Шешімі және Ордабасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 550 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 шілдеде N 14-8-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 107108 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 631 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қараспан ауыл округі Төреарық елді мекенінің аумағын кеңейтуге ауылдың оңтүстік шығысындағы жайылым жерден 11,33 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төреарық елді мекенінің шегі өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    Б.Жәкей
       
      Аудандық мәслихаттың хатшысы:              П.Жұрман
      
      Ордабасы ауданының әкімі                   Ш.Кенжеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады