Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 наурыздағы N 52 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 наурызда N 14-9-141 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 453 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 30.06.2014 № 453 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесе отырып кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Ауыл округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Сыздықов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Отырар аудандық аумақтық
      сайлау комиссияның төрағасы
      __________Бәкір Икрамхан Бәкрамұлы
      «11» наурыз 2011 жыл

Отырар ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 11 03 № 52
қаулысына 1-қосымша

      Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі

Аққұм ауыл округі бойынша:

      1. Аққұм ауылы, Ж.Омаров көшесі, «Аққұм» ауылдық ауруханасы аумағы;
      2. Аққұм ауылында орналасқан ауылдық клуб аумағы.

Ақтөбе ауыл округі бойынша:

      1. Ақтөбе ауылында орналасқан «Ақтөбе» дәрігерлік амбулаториясы аумағы.

Балтакөл ауыл округі бойынша:

      1. Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, «Балтакөл» ауылдық ауруханасы аумағы;
      2. Көлқұдық ауылында орналасқан «Көлқұдық» фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
      3. Үштам ауылында орналасқан «Үштам» медициналық тірек аумағы;
      4. Ақкөл ауылында орналасқан «Ақкөл» медициналық тірек аумағы.

Көксарай ауыл округі бойынша:

      1. Көксарай ауылы, М.Әуезов көшесі, «Көксарай» ауылдық ауруханасы аумағы;
      2. Шеңгелді ауылында орналасқан «Шеңгелді» медициналық тірек аумағы;
      3. Жанкелді ауылында орналасқан «Жанкел» медициналық тірек аумағы;
      4. Ызакөл ауылында орналасқан «Ызакөл» медициналық тірек аумағы.

Қарақоңыр ауыл округі бойынша:

      1. Ш.Қалдаяқов ауылында орналасқан Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйі аумағы;
      2. Ш.Қалдаяқов ауылында орналасқан «Қарақоңыр» ауылдық ауруханасы аумағы;
      3. Арыс ауылында орналасқан ауылдық клуб аумағы;
      4. Бестораңғыл ауылында орналасқан А.Жармұхамбетов атындағы шағын жинақты бастауыш мектеп аумағы;
      5. Қарақоңыр темір жол бекетіндегі «Қарақоңыр» шағын жинақты бастауыш мектеп аумағы;
      6. Сырдария ауылында орналасқан «Сырдария» медициналық тірек аумағы;
      7. Қостүйін темір жол бекетіндегі «№ 6 Қостүйін» шағын жинақты бастауыш мектеп аумағы.

Қожатоғай ауыл округі бойынша:

      1. Қожатоғай ауылы, Ә.Елекеев көшесі, Амангелді атындағы жалпы орта мектеп аумағы;
      2. Қожатоғай ауылы, А.Досымбеков көшесі, «Қожатоғай» ауылдық ауруханасы аумағы;
      3. Байтоғай ауылында орналасқан М.Мәметова атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп аумағы.

Отырар ауыл округі бойынша:

      1. Арыс ауылында орналасқан «Марал» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны аумағы;
      2. Шойманов ауылында орналасқан ауылдық клуб аумағы.

Қарғалы ауыл округі бойынша:

      1. Отырар ауылында орналасқан «Отырар» жалпы орта мектеп аумағы;
      2. Қарғалы ауылында орналасқан С.Ерубаев атындағы шағын жинақты орта мектеп аумағы.

Талапты ауыл округі бойынша:

      1. Көкмардан ауылы, Т.Бейсенбіұлы көшесі, «Талапты» дәрігерлік амбулаториясы аумағы;
      2. Шытты ауылында орналасқан «Шытты» фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
      3. Ынталы ауылы, Дәрімбекұлы көшесі, «Ынталы» медициналық тірек аумағы;
      4. Сарыкөл ауылында орналасқан «Сарыкөл» медициналық тірек аумағы.

Қоғам ауыл округі бойынша:

      1. Қоғам ауылы, Ұ.Арғынбеков көшесі, «Қоғам» дәрігерлік амбулаториясы аумағы;
      2. Талапты ауылында орналасқан «Талапты» фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
      3. Мыңшұқыр ауылында орналасқан ауылдық кітапхана ғимараты аумағы.

Темір ауыл округі бойынша:

      1. Темір ауылы, С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп аумағы;
      2. Темір ауылы, М.Әлиев көшесі, «Темір» дәрігерлік амбулаториясы аумағы.

Маяқұм ауыл округі бойынша:

      1. Маяқұм ауылы, Д.Алтынбеков көшесі, «Маяқұм» ауылдық ауруханасы аумағы;
      2. Қостерек ауылында орналасқан «Қостерек» фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы.

Шәуілдір ауыл округі бойынша:

      1. Шәуілдір ауылы, Ә.Жылқышиев көшесі, Орталық стадион аумағы;
      2. Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі, Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектеп аумағы;
      3. Шәуілдір ауылы, О.Бәймішов көшесі № 2 үй, Қ.Мұңайтпасов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп аумағы.

Шілік ауыл округі бойынша:

      1. Шілік ауылы, Тұрғанбай Датқа көшесі, Орталық алаңы аумағы;
      2. Жаңа Шілік ауылы, М.Мәметова көшесі № 22 үй, «Шілік» дәрігерлік амбулаториясы аумағы;
      3. Ескі Шілік ауылында орналасқан «Ескі Шілік» фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы.

Отырар ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 11 03 № 52
қаулысына 2-қосымша

      Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі

      1. Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі № 18 үй, Д.Құрманбек атындағы № 20 кәсіптік-лицейінің мәжіліс залы;
      2. Аққұм ауылы, С.Сейфуллин көшесі, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
      3. Балтакөл ауылы М.Көбеев көшесі, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
      4. Маяқұм ауылы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
      5. Көксарай ауылы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
      6. Көкмардан ауылы, «Көкмардан» жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
      7. Қожатоғай ауылы, Ә.Елекеев көшесі, Қожатоғай ауылдық клубы;
      8. Арыс ауылы, Балалар мен жасөспірімдер орталығының мәжіліс залы;
      9. Қарақоңыр ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
      10. Темір ауылы, Темір жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
      11. Жаңа Шілік ауылы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
      12. Ақтөбе ауылы, Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
      13. Отырар ауылы, Отырар ауылдық клубы;
      14. Қоғам ауылы, Қоғам жалпы орта мектебінің мәжіліс залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады