Түлкібас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 17/9-04 "Аудан көлемінде базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы талон құны туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 қыркүйектегі N 45/8-04 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 қазанда N 14-14-158 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/7-05 Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 11/7-05 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Аудан көлемінде базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда,базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы талон құны туралы» Түлкібас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 17/9-04 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-76 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 30 сәуірдегі «Шамшырақ» газетінің № 35-36 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің атауындағы, осы шешімнің бірінші тармағындағы және оның қосымшасындағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Қ.Нұрлыбаев
 
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               С.Қалдыкөзов 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады