Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 18-142-ІV "Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қазандағы N 47-353-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қазанда N 14-15-121 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11-76-V Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 11-76-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Заңының 36 бабына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1 бабының 37 тармағының 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. «Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 18-142-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-74 тіркелген, 2009 жылдың 29 мамырында аудандық «Шартарап-Шарайна» газетінің № 322-315 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Шешімнің тақырыбындағы «Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» деген сөздер «Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1, 2 тармақтардағы және 1, 2 қосымшалардағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген, «талонның төлемақы ставкалары» деген сөздер «талондардың құны» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 
      Сессия төрайымы                            Р.Қарабаева
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т.Бердібеков 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады