"Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 06 желтоқсандағы N 285 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 2563 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.04.2016 № 118 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2477, 2008 жылғы 6 наурыздағы № 30 (15939) "Дидар", 2008 жылғы 6 наурыздағы № 3536 (18469) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулыға 4 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі келісуге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына ұсынылсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2011 жылғы 06 желтоқсандағы
№ 285 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2008 жылғы 18 қаңтардағы
№ 421 қаулысына
4 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы", "Шығыс
Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы"
мемлекеттік мекемелерінің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын
көтеру белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеменің және мәдениет және мұрағат ісі қазыналық кәсіпорнының басшысы мен басшының орынбасары.
      2. Мұрағат, мұрағат қоймасының меңгерушісі, сектор, бөлімшенің (бөлімнің) бөлімше басшысы.
      3. Мамандар (бас, аға), соның ішінде: мұрағатшы, археограф, инспектор, мәдени ұйымдастырушы, мұрағат қорының сақтаушысы, сақтаушы, экскурсия жетекшісі.
      4. Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, мұражай бақылаушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады