"2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 08 шілдедегі N 1192 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 08 тамызда N 5-9-154 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 04 қаңтардағы N 09-02-10 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое аудандық әкімдігінің 2012.01.04 N 09-02-10 хаты).

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (2011 жылғы 30 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 5-9-146 мемлекеттік Тізілімде тіркелген, 2011 жылғы 8 ақпандағы № 11 «Огни Прииртышья» аудандық газетінде жарияланған) Глубокое аудандық әкімдіктің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Қатысушылардың еңбекақы төлемінің мөлшері 2011 жылға белгіленген ең төменгі еңбекақы төлемінен кем емес мөлшерде бекітілсін. Глубокое кентін тазалау және көгалдандыру бойынша жұмыстардағы төлемақы сомасы радиациялық тәуекелі жоғары аймақта тұрғаны үшін қосымша төлеммен 1,8 ең төменгі еңбекақы төлемі есебінен бекітілсін.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М. Пономареваға жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Глубокое ауданының әкімі                 В. Кошелев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады