Орал қаласы бойынша такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 94 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 шілдеде № 3065 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 127 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 03.07.2013 № 127 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы""Автомобиль көлігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, таксилердің тиімді жұмыс істеуі мен жолаушылардың таксилерді пайдалануына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы бойынша такси тұрақтары осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдастырылсын.
      2. Орал қаласының әкімдігі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес такси тұрақтарын төмендегідей жабдықтауға қатысты шараларды алсын:
      1) такси тұрақтарын басқа автомобильдердің тұрақтарынан жол таңбасының арнайы шектеу сызықтарымен бөлу;
      2) жол полициясы органдарының келісімі бойынша белгіленген көгілдір түсті "Т" ("Такси") деген айыру белгісі бар және арнайы белбеумен белгілеу.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Ә. Шәкімовке жүктелсін.

      Облыс әкімі                      Б. Ізмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      ішкі істер департаменті
      Жол полициясы басқармасы
      _____________Т. А. Бедров
      07.06.2011 ж.

2011 жылғы 10 маусымдағы N 94
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Орал қаласы бойынша такси тұрақтары

      1. Темір жол вокзалы ауданында – вокзалдың оң жағындағы Жуков көшесі бойындағы темір қоршаудың бойымен.
      2. Автобекет ауданында – Сырым Датов көшесінің жұп жағынан, автобус аялдамасының артынан.
      3. "Атриум" ойын-сауық кешені ауданында – Жұбан Молдағалиев көшесінің жұп жағынан Құрманғазы көшесі бағытында.
      4. "Әмбебап дүкені" Сауда үйі ауданында – Еуразия даңғылының тақ жағынан, сауда үйі алдында.
      5. "Школьник" Сауда үйі ауданында – Құрманғазы көшесінің жұп жағындағы сауда үйі алдынан Еуразия даңғылы бағытына.
      6. "Клондайк" Сауда үйі ауданында – "Жеңіс" шағын ауданы, сауда үйі алдынан.
      7. "Орал" ойын-сауық кешені ауданында – Әбілқайыр хан даңғылының тақ жағындағы.
      8. "Тұрмыс үйі" Сауда үйі ауданында – Құрманғазы көшесінің тақ жағындағы, Еуразия даңғылы бағытында.
      9. "Жазира" дүкені ауданында – Жәңгір хан көшесінің жұп жағы, қала бағытына қарай.
      10. "Променад" Сауда үйі ауданында – Жамбыл көшесінің жұп жағы, Сырым Датов көшесі бағытында.
      11. Достық үйі ауданында – Гагарин көшесінің тақ жағынан.
      12. Островский атындағы драма театры ауданында – Жұбан Молдағалиев көшесінің тақ жағынан, Сауда-Өндіріс палатасы алдынан.
      13. "Қазақстан" кинотеатры ауданында – Әбілқайыр хан даңғылының тақ жағы, Депо көпірі бағытына.
      14. "Квант" Сауда үйі ауданында – Гагарин көшесінің жұп жағы.
      15. "Сулпак" Сауда үйі ауданында – Сырым Датов көшесінің жұп жағы, Әбілқайыр хан даңғылы бағытында.
      16. Е. Пугачев атындағы мұражай ауданында – Достық-Дружба даңғылының жұп жағы.
      17. "Жастар" стадионы ауданында – Достық-Дружба даңғылының жұп жағы, стадион алдынан.
      18. Спорт кешені ауданында – Әйтиев көшесінің тақ жағы, Еуразия даңғылы бағытына.
      19."Жайық" базары ауданында – Циолковский көшесінің жұп жағы.
      20. "Жалын", "Тұлпар" базарлары ауданында – "Землячка" базары алдынан, Әйтиев көшесінің тақ жағы және Лермонтов көшесінің тақ жағынан.
      21. "Ел ырысы" базары ауданында – Сырым Датов көшесінің тақ жағы, Мичурино селосы бағытында.
      22. "Алтын Алма" базары ауданында – Пойменная көшесінің жұп жағы, Есенжанов көшесі бағытына қарай.
      23. "Балабақша" базары ауданында – Гагарин көшесінің жұп жағы, N 38 үй алдынан.
      24. Ғылыми-техникалық кітапханасы ауданында – Еуразия даңғылы, Ярославская көшесінің жұп жағынан.
      25. "ИРС" Сауда үйі ауданында – Еуразия даңғылының жұп жағынан.
      26. Филармония ауданында – Достық-Дружба даңғылының тақ жағы, Жайық өзені бағытына.
      27. Жастар Мәдениет үйі ауданында – Карбышев көшесінің жұп жағы, Әбілқайыр хан даңғылы бағытында.
      28. "Молодежный" Сауда үйі ауданында – Жәңгір хан көшесінің тақ жағы.
      29. Орталық базар ауданында – Мұхит көшесінің жұп жағы.
      30. "Галактика" ойын-сауық кешені ауданында – Еуразия даңғылының жұп жағынан.
      31. "УралКарСити" автомобиль кешені орталығы ауданында – 4-ші шағын аудан – Желаев кенті бағытына қарай.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады