Жәнібек ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы N 35 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 наурызда N 7-6-120 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарын басшылыққа алып Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясымен бірлесіп қосымшаға сәйкес Жәнібек ауданы аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар белгіленсін.
      2. Ауылдық округ әкімдеріне, "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтер, қалқаншалар және тумбалармен жарақтасын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап, қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 3 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Р. Өтешев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық (аумақтық) сайлау
      комиссиясының төрағасы
      _____________Р. Қарашин
      25.02.2011 ж.

Жәнібек ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
N 35 қаулысына қосымша

Жәнібек ауданы аумағында Қазақстан Республикасы
Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

N

Елді мекен атауы

Орналасатын жері

Орналасатын нысанның атауы

Саны

1.

Ақоба ауылы

Абай көшесі бойындағы орталық алаң

стенд

1

2.

Борсы ауылы

Ш. Мұхамбетқалиев көшесі бойындағы орталық алаң

стенд

1

3.

Тегісшіл елді мекені

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

стенд

1

4.

Жақсыбай ауылы

Ж. Қарақұлов көшесі бойындағы орталық алаң

стенд

1

5.

Ақадыр елді мекені

Кітапхана ғимаратының алды

стенд

1

6.

Жәнібек ауылы

Орталық алаң

стенд

1

7.

Жәнібек ауылы

Аудандық редакция ғимаратының алды

стенд

1

8.

Күйгенкөл ауылы

Т. Жароков көшесі бойындағы орталық алаң

стенд

1

9.

Өнеге елді мекені

Бастауыш мектеп ғимаратының алды

стенд

1

10.

Құрсай елді мекені

Бастауыш мектеп ғимаратының алды

стенд

1

11.

Көлтабан елді мекені

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

стенд

1

12.

Қамысты ауылы

Тәуелсіздік көшесі бойындағы орталық алаң

стенд

1

13.

Талов ауылы

Гагарин көшесі бойындағы орталық алаң

стенд

1

14.

Майтүбек елді мекені

Бастауыш мектеп ғимаратының алды

стенд

1

15.

Тау ауылы

Абай көшесі бойындағы орталық алаң

стенд

1

16.

Жігер елді мекені

Кітапхана ғимаратының алды

стенд

1

17.

Жұмаев елді мекені

Бастауыш мектеп ғимаратының алды

стенд

1

18.

Ұзынкөл ауылы

Мектеп көшесі бойындағы орталық алаң

стенд

1

19.

Еңбекші елді мекені

Бастауыш мектеп ғимаратының алды

стенд

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады