Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 82 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 22 сәуірде № 7-8-126 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 269 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 11.11. 2011 № 269 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Казталов ауданының аумағында № 3 Бостандық сайлау округі бойынша кеткен депутаттың орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Бостандық ауылдық округі әкімі үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 27 ақпаннан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Аудан әкімі Т. Сапаров

      КЕЛІСІЛДІ:
Казталов аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________С. Молдашев
12.04.2011 ж.

  Аудан әкімдігінің
2011 жылдың 12 сәуірдегі
№ 82 қаулысына қосымша

№ 3 Бостандық сайлау округі бойынша
кеткен депутаттың орнына аудандық мәслихаттың
депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа
материалдарын орналастыру орындарының тізбесі

Елді мекеннің атауы

Орналасқан орны

Бостандық ауылы
Бостандық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесі, 39
Қаракөл ауылы
Қаракөл бастауыш мектебінің ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд
Қоныс ауылы
Қоныс орта жылпы білім беру мектебінің ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Молдағұлова көшесі, 1
Қызылту ауылы
Қызылту ауылдық кітапхана ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Зайнуллина көшесі, 9

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады