Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округінің Оян ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 37 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 наурыздағы № 7-11-134 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011.12.30 № 353 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы N 1-15-010 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округінің Оян ауылына мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. "Тасқала ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мусинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Ө. Мырзағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады