Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 78-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 сәуірде № 7600 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 3 маусымдағы № 202 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2022 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 98-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Экологиялық саясат және орнықты даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі М. Мұхамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Н. Қаппаров

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрімен
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 78-ө бұйрығы бекітілді

Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу және келісілген құжаттамаға өзгерістер енгізу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 98-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 03.09.2018 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Егер одан әрі іс-шаралар жоспарларын іске асыру кезінде қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу талап етілген жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) бастамашылығымен ауыл және су шаруашылығы, орман және жерді пайдалану, балық шаруашылығы, энергетика, өнеркәсiп, кен өндіру, мұнай өңдеу, өңдеу және химия саласы, құрылыс индустриясы, металлургия, туризм, көлік үшін әзірленетін жоспарлар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісуге жатады.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағымен қамтылмаған ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісуге жатпайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органында аумақтарды
дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық
жоспарларын келісу тәртібі

      5. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары (бұдан әрі – ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттары) келісу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органға ұсынылады.

      6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшелері) және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелері) таралуын қамтамасыз етеді.

      ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын қараудың жалпы мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

      7. ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, оның ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жоспарлардың экологиялық бөлімдері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісуге жатады.

      ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының экологиялық бөлімдері таңдалған басым бағыттарға күштердің қажетті шоғырландыруын нақты негіздеуімен аумақтың экологиялық жай-күйін жақсартуға арналған жоспарлы қызметтің жалпы сипаттамасы, жоспарланған қызметті іске асырудың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық жағдайға және қоршаған ортаның жай-күйінің өзгеруін болжамдау және бағалау көрсетілген өңірдегі экологиялық мәселелерді есепке ала отырып, ағымдағы ахуал талдауының өзара үйлесімдігі қарастырылады, сонымен бірге:

      атмосфералық ауаның жай-күйі;

      су көздерінің жай-күйі;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға әсері;

      топырақтардың ластануы;

      жиналған қалдықтардың әсері;

      флора мен фаунаға әсердің сипаты;

      табиғи орта компоненттерінің табиғи қалпына келу мүмкіндігі және жаңартылатын табиғи қорлардың орнын толтыруы;

      ауру-сырқау тәуекелінің дәрежесі;

      тұрғындардың тiршiлiк ету жағдайлары (еңбек жағдайының және демалыстың нашарлауы, ауыр қол еңбегін қысқарту, инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларды дамыту, көгалдандыру және тағы басқалар);

      антропогенді жүйелерге және олардың компоненттеріне әсері (ғимараттар, сәулеттік пен археологиялық ескерткіштер және басқа да материалдық және мәдени құндылықтар, көлiк қатынасы, ландшафттардың рекреациялық сапалары);

      мүмкін болатын апаттық жағдайларды тұрғындардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаның барлық компоненттері үшін болатын салдарын бағалай отырып, анықтау; сонымен қатар жоспарланған қызметтен туындауы мүмкін жағымсыз салдардың алдын алу жөніндегі шаралардың болуын қарастыру.

      Экологиялық бөлімді әзірлеуге арналған көздер ретінде:

      ұқсас жағдайларда жұмыс жасайтын ұқсас-объектілерді талдау материалдары;

      статистикалық есептіліктің деректері;

      экологиялық мониторингтің деректері;

      ғылыми ұйымдардың, салалық министрліктердің, ведомстволардың материалдары.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Аумақтық бөлімшелер ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының:

      талдамалық ақпараттың ағымдағы ахуалдың талдамасымен, негізгі экологиялық мәселелермен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы даму үрдісімен жеткілікті мазмұндалуын;

      даму мен тіршілік етуді табиғи ресурстардың негізгі түрлерімен қамтамасыз етілуін, экологиялық шектеулерін (қоршаған ортаның ластану деңгейі);

      экологиялық зардаптардың сипаттамасын;

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының мақсатына жетуді қамтамасыз ететін мақсатты индикаторларды, міндеттер және шараларды таңдаудың дұрыстығын қарайды;

      2) өздерінің қорытындыларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органға ұсынады.

      9. Мүдделі құрылымдық бөлімшелер ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының:

      Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негiзгi бағыттарына сәйкестігін;

      аумақтың экологиялық жай-күйін жақсартуға арналған жоспарлы қызметтің жалпы сипаттамасы үйлесімдігінің бар болуын қарайды;

      2) өздерінің қорытындыларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органға ұсынады.

      10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын келісу бойынша жауапты құрылымдық бөлімшесі 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелердiң қорытындыларын жинау және талдауды жүзеге асырады;

      2) ескертулер болмаған жағдайда ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын келісуді жүзеге асырады, оның iшiнде:

      ЖАО стратегиялық жоспарлары және басқа да жоспарлары бойынша ЖАО атына келісу туралы хат ұсынады;

      аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобалары бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның мекенжайына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы келісу парағын жолдайды;

      3) құрылымдық бөлімшелердің ескертулері болған жағдайда, оларды жою үшін әзірлеушіге жібереді, жобаны пысықтау 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлімінде қарастырылған мерзім ішінде құжаттардағы бұрынғы ескертулерді есепке ала отырып, пысықталған, сонымен қатар жекелей пысықталған құжаттары ұсынылмаған жағдайда ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжатына келісім берілмейді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аумақтарды дамыту жоспарлары
мен бағдарламаларын,
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы
органдарының стратегиялық
жоспарларын оларды бекіткенге
дейін қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті органмен
келісу қағидаларына қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аумақтарды дамыту бағдарламасының атауы _____________________________

      _____________________________________________________________________

      Әзірлеуші жергілікті атқарушы органның атауы_________________________

      _____________________________________________________________________

Алынған күні

Келісуге жауапты адамдар

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

лауазымы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады