Субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатудың 2012 жылға арналған шекті бағаларын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 4-2/181 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 мамырда № 7667 тіркелді

      «Тұқым шаруашалығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатудың 2012 жылға арналған шекті бағалары белгiленсін.
      2. Егіншілік департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 4-2/181 бұйрығына қосымша

Субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттерді
сатудың 2012 жылға арналған шекті бағалары

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің атауы

Субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттердің бір тоннасын (данасын) сатудың шекті бағасы, теңге

Жүгері:
кеш пісетін, орташа кеш және орташа пісетін бірінші ұрпағының будандары, бірінші көбейтілген будандық популяциялар

249 736,0

ерте пісетін бірінші ұрпағының будандары, бірінші көбейтілген будандық популяциялар

235 254,0

Күріш

78 011,0

Күнбағыс:
элиталық тұқымдар

374 573,0

бірінші ұрпағының будандары

332 573,0

Қант қызылшасы

3 162 450,0

Бірінші көбейтуді қоса алғанда мақта

105 000,0

Жеміс дақылдарының көшеттері

320,0

Жүзім көшеттері

250,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады