Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/211 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 мамырда № 7676 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 27.10.2016 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандары осы бұйрыққа 12-қосымшаларға сәйкес;
      2) Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) аумақтық бөлімшілерімен бірге осы бұйрықтан туындалатын қажетті шаралардың қабылдануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                            Е. Аман

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 26 сәуірдегі    
№ 18-02/211 бұйрығына     
1-қосымша            

Нысан

Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік
инспектор

      «___» ___________________ 20____ жылғы
       акті жасалған күн, уақыт

__________________________________________
акті жасалған орын        
__________________________________________
бақылау органының атауы       
______________________________________________
оның негізінде тексеру жүргізілген, тексерісті
тағайындау туралы актінің күні мен оның нөмірі,
тексеріс жүргізу кезеңі                      

Тексеру нәтижелері туралы
акті

(асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар, асыл тұқымдық
орталықтар, дистрибьютерлiк орталықтар, асыл тұқымдық репродукторлар
және ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар)

Мен_________________________________________________________________
      тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы
жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының не олардың өкілдерінің
қатынасуымен жүргізілген тексеріс барысында (қажеттісінің астын сызыңыз)
____________________________________________________________________
      тексерілетін субъектінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы
тексеріс жүргізілгенде сол жерде болған жеке тұлғаның немесе заңды
тұлғаның не олардың өкілдерінің лауазымы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі
      Тексеру актісінің негізінде мыналар анықталды ________________
____________________________________________________________________
анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты, немесе бұзушылықтардың
жоқтығы көрсетіледі
      «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының ______ бабының ______ тармағын (тармақшасын) бұзуға байланысты
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Сізге, жоғарыда көрсетілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
бұзушылықтарды 20___ жылғы «___» ________ дейін жою қажет.
      Осы тексеру актісімен таныстым және бір данасын алдым: ______ 20___ жыл.
      Жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы болмаса оның өкілі
(қажеттісінің астын сызыңыз)
____________________________________________________________________
      Қолы тегі, аты, әкесінің аты, күні
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор
____________________________________________________________________
              лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 26 сәуірдегі    
№ 18-02/211 бұйрығына     
2-қосымша             

Нысан

Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік
инспектор

      «___» ___________________ 20____ жылғы
         акті жасалған күн, уақыт

_________________________________________________
акті жасалған орын               
__________________________________________________
бақылау органының атауы           
___________________________________________________
оның негізінде тексеру жүргізілген, тексерісті
тағайындау туралы актінің күні мен оның нөмірі,
тексеріс жүргізу кезеңі                      

Тексеру нәтижелері туралы
акті

(бағалаушы (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды телу
(ауыстырып салу) жөніндегі маманның көрсеткен қызметтерінің сапасы)

Мен_________________________________________________________________
    тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы
жеке тұлғаның немесе оның өкілінің қатынасуымен жүргізілген тексеру
барысында ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
тексерілетін бағалаушының (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының
және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маманның тегі, аты,
әкесінің аты, тексеріс жүргізілгенде сол жерде болған жеке тұлға өкілінің лауазымы
____________________________________________________________________
           тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі
Тексеру актісінің негізінде мыналар анықталды ______________________
____________________________________________________________________
анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты, немесе бұзушылықтардың жоқтығы көрсетіледі

      «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының ______ бабының ______ тармағын (тармақшасын) бұзуға байланысты
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сізге, жоғарыда көрсетілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
бұзушылықтарды 20___ жылғы «___» ________ дейін жою қажет. Осы
тексеру актісімен таныстым және бір данасын алдым: ____ 20___ жыл.
     Жеке тұлға немесе оның өкілі __________________________________
_____________________________________________ ______________________
       қолы тегі, аты, әкесінің аты, күні

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор
____________________________________________________________________
      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 26 сәуірдегі    
№ 18-02/211 бұйрығына    
3-қосымша          

Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік
инспектордың актілерін жасау және беру
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығы инспектордың актілерін жасау және беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру тәртібін айқындайды.
      2. Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық әсер ету шараларын қабылдау мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптарын бұзушылықтарға қарай тексеру нәтижесі туралы актіні (бұдан әрі - акті) жасайды және береді.
      3. Актіде Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 24-бабында келтірілген мәліметтер көрсетіледі.

2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік
инспектордың актілерді жасау және беру тәртібі

      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспектор асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тексерілетін субъектілерді тексерген кезде актіні жасайды. Бұзушылықтар болмаған жағдайда актіде тиісті жазба жазылады.
      5. Актілер екі данада болып жасалады, онда жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының не олардың өкілдерінің актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер көрсетіледі. Актінің бір данасы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тексерілетін субъектіге беріледі, ал екіншісі асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторда болады.
      6. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары берген актілердің есебін жүргізеді, жоғарғы орган алдында бір айлық мерзімде есеп береді.
      7. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың әрекеттерi (әрекетсiздiгі) жоғары тұрған органдарда және (немесе) сотта шағымдануы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады