"Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 308 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 шілдеде № 7801 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 577 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 № 577 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекiту туралы» Қазақстан Қаржы министрi міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, № 10, 2009 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесiнде:
      1-қосымшада:
      113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша:
      6 «Шығындар тiзбесi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шұғыл қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызметтен босатылған кезде төленетін бір жолғы жәрдемақы және әскери қызметшілерге - шет мемлекеттердің әскери оқу орындарының түлектеріне сауықтыруға арналған жәрдемақы»;
      159 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша:
      6 «Шығындар тiзбесi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «- заңнамалық актілерге сәйкес мәдени, спорттық және басқа да iс шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына әр түрлi сыйақылар, жүлделер, естелiк сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, жеке тұлғаларға басқа да ақшалай төлемдер төлеуге;
      - бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне дейiн жол жүру билеттерiн сатып алуға;
      - мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң iссапар шығыстарынан басқа, сапарға шығу арқылы iс-шаралар (жол жүру, тұру, тамақтану) өткiзуге;
      - бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлiктерiнiң өткiзетiн iс-шараларына қатысушылардың (республиканың түрлi аймақтары, жақын, алыс шет ел өкiлдерiнiң) жол жүру шығындарын өтеу бөлiгiндегi өкiлдiк шығыстармен;
      - нотариалдық қызметтерге ақы төлеуге;
      - қызметтiк автокөлiкке техникалық тексеру жүргiзуге және қызметтiк автокөлiкке мемлекеттiк нөмiрлер сатып алуға байланысты шығындар бойынша».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Р.Б. Бекетаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жәмішев

О внесении изменений в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 331 "Об утверждении Правил ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на текущем счете государственных учреждений"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 июня 2012 года № 308. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 июля 2012 года № 7801. Утратило силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 20 ноября 2015 года № 577

      Сноска. Утратило силу приказом Министра финансов РК от 20.11.2015 № 577.

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 331 «Об утверждении Правил ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на текущем счете государственных учреждений» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5760, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 10, 2009 года), следующие изменения:
      в Правилах ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на текущем счете государственных учреждений, утвержденных указанным приказом:
      в приложении 1:
      по специфике 113 «Компенсационные выплаты»:
      графу 6 «Перечень затрат» изложить в следующей редакции:
      «Единовременное пособие военнослужащим срочной военной службы при увольнении с военной службы и пособие на оздоровление военнослужащим - выпускникам военных учебных заведений зарубежных государств»;
      по специфике 159 «Прочие текущие затраты»:
      графу 6 «Перечень затрат» изложить в следующей редакции:
      «По затратам, связанным с:
      - выплатой призов, памятных подарков, денежных вознаграждений победителям и участникам культурных, спортивных и других мероприятий в соответствии с законодательными актами, других денежных выплат физическим лицам;
      - приобретением проездных билетов для лиц, освобождаемых от отбывания наказания в виде ограничения свободы, ареста или лишения свободы, до места жительства;
      - проведением выездных мероприятий (проезд, проживание, питание), кроме командировочных расходов работников государственных учреждений;
      - представительскими затратами, в части возмещения расходов по проезду участников (представители различных регионов республики, ближнего, дальнего зарубежья) мероприятий, проводимых администраторами бюджетных программ;
      - оплатой нотариальных услуг;
      - прохождением технического осмотра служебного автотранспорта и приобретением государственных номеров на служебный автотранспорт».
      2. Комитету казначейства Министерства финансов Республики Казахстан (Бекетаев Р.Б.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее опубликование в официальных средствах массовой информации в установленном законодательством порядке.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жамишев