Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар жазбаларын сақтаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 92 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 31 шілдеде № 7819 тіркелді

«Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиобағдарламалар
жазбаларын сақтаудың қағидаларын бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрінің
      2012 жылғы 29 маусымдағы № 92 бұйрығы
Баспасөз релизі

      Бұйрықты қабылдау мақсаты бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиохабарлар) арқылы жасалған тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабар жазбаларын сақтаудың тәртiбiн анықтау.
      Жоғарыда көрсетілген бұйрық «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.
      Сондай-ақ, тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле, радиобағдарламалар жазбаларын қабылдау, сақтау, сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының мұрағаттық iс және құжаттама саласындағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиоарналар) ұйымының ведомстволық немесе жеке мұрағаты құрылады.
      Бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиоарналар) жазуларды Қазақстан Республикасының мұрағаттық іс және құжаттама саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мұрағатта тұрақты сақтауға жібереді. Ұйым мұрағатының паспорты жыл сайын жасалады және одан әрі Ұлттық мұрағат қоры және оны толықтыру көздері құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы деректер Жинағына мәліметтерді енгізу үшін үш жылда бір рет тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады. Мәліметтерді Жинаққа енгізу «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
      Бұйрықтың толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында («Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департамент» айдары) танысуға болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз