Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 тамызда № 7837 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 44-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесі бекітілсін.
      2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 1 тамыздағы  
№ 350 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің
тізбесі

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламалары бойынша мамандарды дайындау;
      3. Білікті қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
      4. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметтерді қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады