Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 229 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7856 тіркелді

      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 5 (1428) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен сауда-саттыққа оларды бастапқы орналастыру кезінде қор биржасының тиісті мүшелік санатындағы, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын мүшелері қатысады. Брокер болып табылатын екінші деңгейдегі банк көрсетілген сауда-саттықтарға екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын клиенттердің тапсырмасы бойынша, олардың есебінен және мүддесінде мәмілелерді жасау шартымен брокер ретінде іс-әрекет жасайды. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сауда-саттықтарға тек жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен және мүддесінде ғана қатысады.
      Қор биржасы сауда жүйесінде мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға арналған, екінші деңгейдегі банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының активтері есебінен берілмейтін өтінімдерді автоматты түрде қабылдамауға мүмкіндік жасайтын теңшеулер орнату арқылы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптың орындалуын қамтамасыз етеді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы брокерлік қызметті көрсету не мүлікті сенімгерлік басқару туралы шарттар жасалған клиенттердің есебінен және мүддесі үшін ғана Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен жасалатын сауда-саттықтарда оларды бастапқы орналастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысу жағдайларына қолданылмайды.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады