Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7864 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.12.2022 № 396 (11.12.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 20 шілдедегі
№ 3-3/373 бұйрығымен бекітілген

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.12.2022 № 396 (11.12.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу процестерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық-техникалық кешен;

      3) оператор – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына айрықша құқықты растайтын құжаты немесе "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жасалған ерекше құқықтар беру туралы авторлық шарты бар және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорын сүйемелдеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы бейініндегі ұйым;

      4) өтініш беруші – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркеуге өтініш (бұдан әрі – тіркеуге арналған өтініш) беруші заңды немесе жеке тұлға;

      5) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры (бұдан әрі – АТЖ) – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.12.2022 № 396 (11.12.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

      3. АТЖ:

      1) мал басын жетілдіру және жануарлардың генетикалық әлеуетін арттыру, өнімділік бағыты, тұқымдық тиесілілігі, өнімділік деңгейі және асыл тұқымдық құндылығы, селекциялық және асыл тұқымды жұмыстың жай-күйі үшін пайдаланылатын асыл тұқымды жануарлар түрлері бойынша мал басы және селекциялық процеске тартылған жануарлар туралы мониторинг жүргізуге және ақпарат алуға;

      2) облыстар, аудандар, қалалар, ауылдық елді мекен бөлінісінде республика бойынша есептілікті автоматты түрде қалыптастыруға;

      3) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және мал басының өсімін молайтуды басқаруды жүзеге асыруға;

      4) асыл тұқымды және тауарлық мал басының өнімділігі деректерін кейіннен ғылыми мақсатта пайдалану үшін оларды орталықтандырылған сақтауға арналады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.04.2019 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. АТЖ электрондық түрде қор деректеріне санкциясыз қол жеткізудің алдын алуды қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асырылады.

      5. Шаруашылықтағы мал басы және оның жеке деректері туралы ақпаратты АТЖ-ға енгізуді қолданушылар жүзеге асырады.

      6. АТЖ-ға ақпарат енгізу АЖО арқылы, және де ақпаратты беру үшін АТЖ-мен сүйемелденген бағдарламалық өнім көмегімен жүзеге асырылады.

      7. АТЖ-ны жүргізу үшін АТЖ операторы беретін жүйеге қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

      8. АТЖ-да тіркеу үшін электронды нысанда тіркеуге өтінім толтырылады және операторға жолданылады.

      9. Оператор тіркеу туралы хабарламаны алған соң, ұсынылған деректер негізінде пайдаланушыға қол жеткізуді ашады.

      10. Деректерді тиісінше немесе толық толтырмаған жағдайда оператор тіркеу туралы хабарлама түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде өтінушіге АТЖ-ға қол жетуде бас тарту туралы себептерін көрсете отырып бас тарту туралы хабарлама жолдайды.

      11. АТЖ-да өтініш беруші пайдаланушы ретінде тіркелгеннен соң оператор қолданушының электронды поштасына тіркелгені туралы хабарлама жібереді.

      12. АТЖ-да бар есеп жүргізу нысандарын толтыру арқылы қолданушы мал басын және мал басы бойынша зоотехникалық жағдайларды тіркеуді жүзеге асырады.

      13. Ақпаратты беру үшін АТЖ-мен сүйемелденген бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу барысында пайдаланушы бағдарламаның жеткізушісі немесе әзірлеушісі анықтаған жұмыс жүргізу туралы нұсқаулықты пайдаланады.

      14. АТЖ-мен сүйемелденген бағдарламалық өнімдер мәліметтерді беру үшін, мәліметтерді АТЖ-ға автоматты түрде жіберуді жүзеге асырады.

  Селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыстың ақпарат
қорын жүргізу қағидаларына
қосымша"

      Ескерту. Қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорына тіркеуге арналған өтініш

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.04.2019 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Жеке немесе заңды тұлғаның атауы:

________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі немесе заңды тұлғаның атауы)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) /
Жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін):

________________________________________________

Облысы:

________________________________________________

Ауданы:

________________________________________________

Ауылдық округі:

________________________________________________

Елді мекені:

________________________________________________

Телефоны:

________________________________________________

Электрондық почтасы:

________________________________________________

Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

________________________________________________

Мекенжайы:

________________________________________________

Шаруашылық бағыты (ауыл шаруашылығы жануарларын /баларалар /құстар өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар толтырады)

Ірі қара мал шаруашылығы; Қой шаруашылығы; Жылқы шаруашылығы;
Шошқа шаруашылығы; Түйе шаруашылығы; Марал шаруашылығы;
Ешкі шаруашылығы; Балара шаруашылығы; Құс шаруашылығы.

Өнімділік бағыты (таңдалған түріне байланысты
өнімділік бағыты көрсетіледі):

________________________________________________

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қоса тіркеу:

________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің скан-көшірмесі)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады