Қаржы құралдарымен клиринг қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 205 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 тамызда № 7870 тіркелді.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, № 339-345 (27419)) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) есеп айырысу ұйымы – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айрысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйым;

      2) клиринг – қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты анықтау, тексеру және беру процесі;

      3) клирингтік жүйе – клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық кешені;

      4) стресс-тестинг – клиринг ұйымының қызметіне ықпал ететін клиринг ұйымының қаржылық жағдайына ерекше болатын, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті ықпал етуді өлшеу әдістемелері;

      5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.".

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады