Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 7 тамыздағы № 238-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 қыркүйекте № 7905 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 18.05.2016 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 34-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 18.05.2016 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а.

А. Дерновой

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және жаңа технологиялар

      министрінің м.а.

      ______________ А. Рау

      2012 жылғы 2 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрі м.а.
2012 жылғы 7 тамыздағы № 238-ө
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды
және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу
саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды
түгендеу, верификация және валидация жүргізуде
пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға
рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдері

      Ескерту. Қағидалар мен өлшемдер жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 18.05.2016 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану өлшемдерін және тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалардың қолданысы парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерге, парниктік газдарды түгендеу, верификация мен валидация жүргізуге таралады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық
стандарттар мен Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға
рұқсат ету және тану тәртібі

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын олардың Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етуі мен тануына келесі жағдайларда қарастырады:

      1) Қазақстан Республикасымен квота бірліктерін және өзге көміртегі бірліктерін өзара тану туралы халықаралық шарт жасасқанда;

      2) жеке және заңды тұлғалар өтініш білдіргенде.

      4. Уәкілетті орган халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын осы Қағидалардың 3-тарауында қарастырылған қолдануға рұқсат ету және тану өлшемдеріне сәйкестігін қарастырады.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасымен қарастырылған жағдайда қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын ұлттық стандарттар ретінде қолдану немесе 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңының 24-бабына сәйкес техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға олардың есептік тіркеуі туралы ұсыныс енгізеді.

      6. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасымен қарастырылған жағдайда қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттарды қолдануға рұқсат ету және тану туралы хатты береді.

3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық
стандарттарды және Қазақстан Республикасының стандарттарын
қолдануға рұқсат ету және тану өлшемдері

      7. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын тану үшін мына өлшемдер болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті ережелерінің болмауы;

      2) халықаралық қолдану тәжірибесінің болуы (халықаралық стандарттар болған жағдайда);

      8. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету үшін мына өлшемдер болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнама нормалары мен ережелеріне қайшылықтардың болмауы;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында оларды қолдану үшін ұйымдастыру және техникалық мүмкіндіктерінің болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады