Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 283 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8005 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 15 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржы есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 283 қаулысымен    
бекітілген       

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына
жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі
аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы (бұдан әрі – Аудиторлық қызмет туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы (бұдан әрі – Өңірлік қаржы орталығы туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.

2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда
алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық
есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі

      2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі – қаржы орталығы) арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің (бұдан әрі – эмитент) аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу құжаттарын қарастыру жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
      3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі – аудитке жұмсалған шығындарды өтеу) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – айлық есептік көрсеткіш) он екі мың еседен аспайтын көлемдегі мөлшерін эмитенттің өтінішінде көрсетілген ағымдағы шотына ұлттық валютада ақша аудару жолымен бір рет жүзеге асырылады. Өтелуі тиіс соманың есебі аудитке жұмсалған шығындарды өтеу туралы тиісті шешім қабылданған күні айқындалады.
      4. Аудитке жұмсалған шығындар бағалы қағаздары алғаш рет қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген эмитенттерге өтеледі.
      Аудитке жұмсалған шығындарды өтеу туралы шешімді Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі қабылдайды.
      5. Аудитке жұмсалған шығындарды өтеу:
      1) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жетпіс бір мың есе мөлшерінен аспайтын соманы құраса;
      2) эмитенттің листингтік алымдарды төлеумен байланысты шығыстары айлық есептік көрсеткіштің кемінде төрт мың есе мөлшеріне баламалы соманы құраса;
      3) аудитті Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 тіркелген, «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2009 жылғы 20 қазандағы № 04.2-44/172 бұйрығымен (бұдан әрі – № 04.2-44/172 бұйрық) белгіленген талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізсе;
      4) эмитенттің жүргізілген аудиті бойынша аудиторлық ұйым қызметінің құны айлық есептік көрсеткіштің кемінде жиырма төрт мың есе мөлшеріндегі соманы құраса жүзеге асырылады.
      6. Аудитке жұмсалған шығындарды өтеу үшін уәкілетті органға Қағидалардың қосымшасына сәйкес аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш (бұдан әрі – өтініш), сондай-ақ мына құжаттар:
      1) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;
      2) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығыстардың төлену фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы және оның көшірмесі (құжаттың түпнұсқасы көшірмесімен сәйкестендірілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде эмитентке қайтарылады);
      3) аудиторлық ұйымның № 04.2-44/172 бұйрықта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы;
      4) Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес эмитенттің аудит жүргізу құқығына шектеудің жоқтығы туралы аудиторлық ұйымның жазбаша растамасы;
      5) эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ бар болған жағдайда шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;
      6) эмитенттің қаржылық есептілігі туралы аудиторлық есептің нотариат куәландырған көшірмесі;
      7) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
      8) жасалған мәмілелер бойынша жиынтық ведомосімен бірге Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талапқа эмитенттің сәйкес келуі туралы қор биржасының жазбаша растамасы;
      9) құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат ұсынылады.
      Бірнеше парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері нөмірленіп, тігіліп және соңғы парақтың артқы жағында эмитент басшысының қолы қойылып және мөрмен куәландырылып беріледі.
      7. Өтініш күнтізбелік жылғы қаңтардың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 сәуірге дейін қабылданады.
      8. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап он сегіз жұмыс күн ішінде қарайды.
      9. Аудитке жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) эмитент бағалы қағаздарының Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талапқа сәйкес келмеуі;
      2) эмитенттің Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы;
      3) Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы;
      4) ұсынылған құжаттардың Аудиторлық қызмет туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Өңірлік қаржы орталығы туралы заңда  белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
      10. Уәкілетті орган Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша аудитке жұмсалған шығындарды өтеуден бас тартады.
      Өтініш берушіге Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімдерде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

Алматы қаласының өңірлік       
қаржы орталығының арнайы сауда алаңына
жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің
қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған
шығындарды өтеу қағидаларына     
қосымша                 

Нысан

                                       ______________________________
                                        Уәкілетті органның басшысына

Аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш

Алматы қаласы                         20__ жылғы «___» _______ № ____

_____________________________________________________________________
    (бағалы қағаздардың эмитенті - өтініш берушінің толық атауы)
______________________________________________________________ арқылы
       (бірінші басшының тегі, аты-жөні және лауазымы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік
қаржы орталығының қызметін бақылау комитетінен 20__ жылғы «___»
_______________ бастап 20__ жылғы «___» ________________ аралығында
____________________________________________________ аудиторлық ұйымы
(мекенжайын көрсете отырып аудиторлық ұйымның толық атауы)
жүзеге асырған қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындарды
өтеуді сұрайды.
_____________________________________________________________________
    (бағалы қағаздардың эмитенті - өтініш берушінің толық атауы)
      1) жоғарыда көрсетілген аудиторлық ұйыммен аудиторлық қызметтер
көрсетуге арналған 20__ жылғы «___» _______________ № _______ шарттың
жасалғанын;
      2) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындардың 20__ жылғы
«___» _________ төленгенін _________________________________________;
                           (аудитке жұмсалған шығыстардың төленгенін
                               растайтын құжат, нөмірі және күні)
      3) ________________ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
     (бағалы қағаздардың атауы)
арнайы сауда алаңында ашық сауда-саттық әдісімен 20__ жылғы «___»
_______________ мөлшерінде орналастырылғанын;
      4) аудиторлық ұйымның біздің ұйыммен үлестес емес екендігін
және «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес аудит жүргізуге құқықтары
шектелмейтінін растайды.
      _______________________________________________________ төлемді
                     (эмитенттің толық атауы)
мынадай деректемелер бойынша жүзеге асыруды сұрайды: _______________.
                             (шот нөмірі және банктің деректемелері)

________________________________________________       ______________
(бірінші басшының тегі,аты-жөні және лауазымы)            (қолы)

Мөр орны

Об утверждении Правил возмещения затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2012 года № 283. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 октября 2012 года № 8005. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 февраля 2014 года № 15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 03.02.2014 № 15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 5 июля 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам организации деятельности Национального Банка Республики Казахстан, регулирования финансового рынка и финансовых организаций" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила возмещения затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

Утверждены                  
постановлением Правления    
Национального Банка         
Республики Казахстан        
от 31 августа 2012 года № 283

Правила
возмещения затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов
ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку
регионального финансового центра города Алматы 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила возмещения затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан", от 20 ноября 1998 года "Об аудиторской деятельности" (далее – Закон об аудиторской деятельности), от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" (далее – Закон о рынке ценных бумаг), от 5 июня 2006 года "О региональном финансовом центре города Алматы" (далее – Закон о региональном финансовом центре) и определяют порядок возмещения затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы.

2. Порядок возмещения затрат на аудит финансовой отчетности
эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую
площадку регионального финансового центра города Алматы

      2. Уполномоченным органом по рассмотрению документов на возмещение затрат на аудит эмитентов ценных бумаг (далее – эмитент), допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы (далее – финансовый центр), является Комитет по развитию регионального финансового центра города Алматы Национального Банка Республики Казахстан (далее – уполномоченный орган).
      3. Возмещение затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы (далее – возмещение затрат на аудит), осуществляется однократно за счет средств бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) в размере не более двенадцати тысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год (далее - месячный расчетный показатель), путем перечисления денег в национальной валюте на текущий счет эмитента, указанный в его заявлении. Расчет суммы, подлежащей возмещению определяется на дату принятия соответствующего решения о возмещении затрат на аудит.
      4. Возмещение затрат на аудит осуществляется эмитентам, ценные бумаги которых впервые допущены на специальную торговую площадку финансового центра.
      Решение о возмещении затрат на аудит принимается Советом директоров Национального Банка.
      5. Возмещение затрат на аудит осуществляется, если:
      1) собственный капитал эмитента составляет сумму, не превышающую ста семидесяти одного тысячекратного размера месячного расчетного показателя, согласно финансовой отчетности (в случае наличия дочерней (дочерних) организации (организаций) – консолидированной финансовой отчетности) на последнюю отчетную дату, подтвержденной аудиторским отчетом;
      2) расходы эмитента, связанные с уплатой листинговых сборов составили сумму, не менее четырех тысячекратному размеру месячного расчетного показателя;
      3) аудит проведен аудиторской организацией, соответствующей требованиям, установленным приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы от 20 октября 2009 года № 04.2-44/172 "Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям для допуска финансовых инструментов на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актах под № 5927 (далее – Приказ № 04.2-44/172);
      4) стоимость услуг аудиторской организации по проведенному аудиту эмитента составила сумму не менее двадцати четырех тысячекратному размеру месячного расчетного показателя.
      6. Для возмещения затрат на аудит в уполномоченный орган представляется заявление на возмещение затрат на аудит (далее - заявление) согласно приложению к Правилам, а также следующие документы:
      1) копия договора с аудиторской организацией на проведение аудита финансовой отчетности;
      2) оригинал документа, подтверждающего факт оплаты расходов на аудит финансовой отчетности, и его копия (оригинал документа возвращается эмитенту в течение одного рабочего дня после идентификации с копией);
      3) заключение фондовой биржи о соответствии аудиторской организации требованиям, установленным Приказом № 04.2-44/172;
      4) письменное подтверждение аудиторской организации об отсутствии у нее ограничения права на проведение аудита эмитента в соответствии с Законом об аудиторской деятельности;
      5) копия проспекта выпуска ценных бумаг эмитента, а также изменения и дополнения в проспект выпуска при их наличии;
      6) нотариально удостоверенная копия аудиторского отчета по финансовой отчетности эмитента;
      7) нотариально удостоверенная копия свидетельства о государственной регистрации выпуска ценных бумаг;
      8) письменное подтверждение фондовой биржи о соответствии эмитента условию, установленному пунктом 4 Правил с приложением сводной ведомости по заключенным сделкам;
      9) доверенность на право предоставления и получения документов.
      Копии документов, состоящие из нескольких листов, представляются пронумерованными, прошитыми и заверенными на обороте последнего листа подписью руководителя эмитента и печатью.
      7. Заявление принимается с первого рабочего дня января до 1 апреля календарного года.
      8. Уполномоченный орган рассматривает представленные документы в течение восемнадцати рабочих дней со дня регистрации заявления в уполномоченном органе.
      9. Основаниями для отказа в возмещении затрат на аудит являются:
      1) несоответствие ценных бумаг эмитента требованию, указанному в пункте 4 Правил;
      2) несоблюдение эмитентом условий, указанных в пункте 5 Правил;
      3) представление неполного пакета документов, указанных в пункте 6 Правил;
      4) несоответствие представленных документов требованиям, установленным Законом об аудиторской деятельности, Законом о рынке ценных бумаг, Законом о региональном финансовом центре.
      10. Уполномоченный орган отказывает в возмещении затрат на аудит по основаниям, указанным в пункте 9 Правил.
      Заявителю дается мотивированный ответ в письменном виде в сроки, установленные пунктом 8 Правил.

Приложение              
к Правилам возмещения затрат   
на аудит финансовой отчетности  
эмитентов ценных бумаг, допущенных
на специальную торговую площадку
регионального финансового     
центра города Алматы        

Форма
______________________________________
Руководителю уполномоченного органа 

                              Заявление
                    на возмещение затрат на аудит

город Алматы                            "__" ________ 20__ года № ___

_____________________________________________________________________
      (полное наименование заявителя - эмитента ценных бумаг)
в лице ______________________________________________________________
          (должность и фамилия имя отчество первого руководителя)
просит Комитет по развитию регионального финансового центра города
Алматы Национального Банка Республики Казахстан возместить затраты на
аудит финансовой отчетности, осуществленный с "__" _____ 20__ года по
"__" ________ 20__ года аудиторской организацией ____________________
____________________________________________________________________.
  (полное наименование аудиторской организации с указанием адреса)
_____________________________________________________________________
       (полное наименование заявителя - эмитента ценных бумаг)
подтверждает, что:
1) договор на оказание аудиторских услуг с вышеуказанной аудиторской
организацией был заключен "__" ______ 20__ года № ___;
2) оплата затрат на аудит финансовой отчетности была произведена
"__" ____ 20__ года ________________________________________________;
                      (документ, подтверждающий оплату расходов на
                                 аудит, номер и дата)
3) ___________________________ были размещены на специальной торговой
   (наименование ценных бумаг)
площадке регионального финансового центра города Алматы методом
открытых торгов "__" ________ 20__ года в размере __________________;
4) аудиторская организация не имеет аффилиированности с нашей
организацией и не имеет ограничений в правах на проведение аудита в
соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 ноября 1998 года
"Об аудиторской деятельности".
_______________________________________ просит осуществить перевод
    (полное наименование эмитента)      
денег по следующим реквизитам: ______________________________________
                                  (номер счета и реквизиты банка)
_________________________________________ ___________________________
(должность и фамилия имя отчество первого         (подпись) 
             руководителя)

Место печати