"Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою" және "Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 165 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 қазанда № 8030 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрығымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеу және оны ресми жария етуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Д. Мыңбай

Қазақстан Республикасы     
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 4 қазандағы    
№ 165 бұйрығына        
1-қосымша           

«Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызметтің осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына, сондай-ақ «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1183 қаулысымен бекітілген «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) әзірленді.
      2. Регламентте мына ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызметті алушы - жеке немесе заңды тұлға;
      2) отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою куәлігі – Қазақстан Республикасы аумағына теле-, радиоарналарды таратуға рұқсат беретін және теле-радиокомпанияларға уәкілетті органмен берілген, белгіленген нысандағы құжат;
      3) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету процесі кезінде қатысатын лауазымды тұлға.
      3. «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi – Комитет) жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттiк қызмет автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет «Телерадио хабарларды тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына және 1718–баптарға сәйкес көрсетіледі.
      6. Қазақстан Республикасының аумағына таралатын отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою куәлiгiн (бұдан әрi - куәлік) беру не куәлiгiн беруден жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартудың негiзi:
      1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас куәлiк берген болса;
      2) егер өтiнiштiң мазмұны осы стандарттың 3-қосымшасының талаптарына сай келмейтiн болса;
      3) егер отандық теле-, радиоарнаны есепке қойғаны үшін, отандық теле-, радиоарнаның есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін тіркеу алымы төленбесе;
      4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiшке меншiк құқығын басқа тұлғаға беру шартында нөмірі мен уақыты көрсетілмесе;
      5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюды мәлiмдеген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарна мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне талаптар

      7. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-дан 18.00-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн мына мекенжай бойынша: 010000 Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 217 кабинетте Комитет көрсетедi.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді және жеделдетiлген қызмет көрсету қарастырылмаған.
      8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Электрондық үкіметтің веб-порталынан: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң (бұдан әрi – Министрлiк) интернет-ресурсынан: www.mki.gov.kz, сондай-ақ Комитетке 8 (7172) 74-05-38 телефоны бойынша хабарласу арқылы алуға болады.
      9. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, отандық теле-, радиоарнаны есепке қойғаны және отандық теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексі белгілеген мөлшерде тіркеу алымы төленеді.
      10. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
      1) стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті тапсырған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің уақыт шегі – 30 минут;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудiң уақыт шегі – 30 минуттан аспайды.
      Куәліктің телнұсқасы қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде беріледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында іс-қимыл
(өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің кезеңдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу;
      2) құжаттарды басшыларға беру;
      3) құжаттарды қарастыру және Комитет басшылығымен орындаушыны анықтау;
      4) құжаттарды куәлікті рәсімдейтін тұлғаға беру;
      5) құжаттардың түпнұсқалығын салыстырып тексеру және орындаушымен құжаттардың толықтығын тексеру;
      6) куәлік беру туралы шешім;
      7) куәлікті дайындау;
      8) куәліктердің Тізіліміне куәлікті тіркеу;
      9) куәлікті беру немесе куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Комитеттің жұмыс кестесі бойында мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдауды бір тұлға жүзеге асырады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы (немесе сенім хат бойынша өкілі) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды Комитетке ұсынады.
      14. Комитет кеңсесiнiң құжатты қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты-жөнi күнi мен уақыты көрсетiлген талон мемлекеттік қызметті алушыға(немесе өкілге сенімхат бойынша) құжаттардың қабылданғандығын растау болып табылады.
      15. Құрылымдық-функционалдық бірліктерінің әкімшілік іс-қимылдарының (процедуралары) бірізділігі және өзара іс-әрекеті сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасында келтірілген.

«Отандық теле-,      
радиоарналарды есепке, қайта
есепке қою» мемлекеттік  
қызмет регламентіне   
1-қосымша        

Талон

__________________________________________________________________________________
                     (субъектінің атауы)

Өтінішті қабылдады _______________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
                      (маманның Т.А.Ә.)

2012 ж. «___» ____________ __ с.__ м.

«Отандық теле-,      
радиоарналарды есепке, қайта
есепке қою» мемлекеттік  
қызмет регламентіне   
2-қосымша        

Құрылымдық-функционалдық бірліктерінің әкімшілік
іс-қимылдарының (процедуралары) бірізділігі және өзара
іс-әрекеті сипаттамасы

Негізгі процестің іс-қимылы (барысы, жұмыс ағыны)

Құрылымдық-функционалдық бірліктер атауы

Кеңсе қызметкері

Комитет басшылығы

Электрондық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының қызметкері

1

Іс-қимыл атауы (процедура, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамалары

1. Құжаттарды тіркеу
2. Басшылыққа құжаттарды беру

3. Құжаттарды қарастыру
4. Құжаттарды электрондық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасына беру

5. Өтініш тақырыбын талдау. Өтінішті орындау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау

2

Аяқталу нысаны
(мәліметтер, құжат, ұйымдық–тарату шешімі)

7. Құжаттарды жіберу


6. Тұтынушыға жауап дайындау.
Куәлікті рәсімдеу немесе куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап

3

Орындалу мерзімі

4 жұмыс күні

2 жұмыс күні

4 жұмыс күні,
2 күн ішінде бас тарту туралы жауап

Қазақстан Республикасы      
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 4 қазандағы      
№ 165 бұйрығына        
2-қосымша           

«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-,
радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет
регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызметтің осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2 бабтарына, сондай-ақ «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1183 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) әзірленді.
      2. Регламентте мына ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызметті алушы - жеке немесе заңды тұлға;
      2) Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою куәлігі – Қазақстан Республикасы аумағына шетелдік теле-, радиоарналарды таратуға рұқсат беретін және теле-радиокомпанияларға уәкілетті органмен берілген, белгіленген нысандағы құжат;
      3) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету процесі кезінде қатысатын лауазымды тұлға.
      3. «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi – Комитет) жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттiк қызмет автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет «Телерадио хабарларды тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына және 1920 және 21–баптарына сәйкес көрсетіледі.
      6. Стандарттың 1 және 2-қосымшасының нысанына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою куәлiгiн (бұдан әрi - куәлік) беру немесе куәлiк беруден жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартудың негiзi:
      1) егер өтiнiштiң мазмұны осы стандарттың 3-қосымшасының талаптарына сай келмейтiн болса;
      2) егер шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қойғаны үшін, шетелдік теле-, радиоарнаның есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін тіркеу алымы төленбесе;
      3) шетелдiк теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмдi, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеудi, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнiмдердi, сондай-ақ суицидтi насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
      4) дiнтану сараптамасы нәтижелерi бойынша терiс қорытынды болса;
      5) шетелдiк теле-, радиоарна өнiмдерiне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы сот шешiмi болса, бас тартады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне талаптар

      7. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-дан 18.00-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн мына мекенжай бойынша: 010000 Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 217 кабинетте Комитет көрсетедi.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді және жеделдетiлген қызмет көрсету қарастырылмаған.
      8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Электрондық үкіметтің веб-порталынан: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң (бұдан әрi – Министрлiк) интернет-ресурсынан: www.mki.gov.kz, сондай-ақ Комитетке 8 (7172) 74-05-38 телефоны бойынша хабарласу арқылы алуға болады.
      9. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою қойғаны туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексі белгілеген мөлшерде тіркеу алымы төленеді.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмдерi:
      1) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажеттi құжаттардың толық пакетін тапсырған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде.
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы ұсынған материалдар бойынша дiнтану сараптамасын жүргiзу кезiнде тоқтатыла тұрады және сараптама қорытындысын алғаннан кейін қайта басталады. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде сараптама жүргізіледі. Сараптама жүргiзу мерзімі сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуi қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн.
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң уақыт шегі – 30 минут;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудiң уақыт шегі – 30 минуттан аспайды.
      Куәліктің телнұсқасы қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде беріледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында іс-қимыл
(өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің кезеңдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу;
      2) құжаттарды басшыларға беру;
      3) құжаттарды қарастыру және Комитет басшылығымен орындаушыны анықтау;
      4) құжаттарды куәлікті рәсімдейтін тұлғаға беру;
      5) құжаттардың түпнұсқалығын салыстырып тексеру және орындаушымен құжаттардың толықтығын тексеру;
      6) қажет болған жағдайда құжаттарды (материалдарды) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне жолдау;
      7) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне құжаттарды (материалдарды) жолдау кезінде сараптамалық қорытынды алу;
      8) куәлік беру туралы шешім немесе куәлік беруден жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелдi жауап;
      9) куәлікті рәсімдеу;
      10) куәліктердің Тізіліміне куәлікті тіркеу;
      11) куәлікті беру немесе куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Комитеттің жұмыс кестесі бойында мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдауды бір тұлға жүзеге асырады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы (немесе сенім хат бойынша өкілі) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды Комитетке ұсынады.
      14. Комитет кеңсесiнiң құжатты қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты-жөнi күнi мен уақыты көрсетiлген талон мемлекеттік қызметті алушыға (немесе өкілге сенімхат бойынша) құжаттардың қабылданғандығын растау болып табылады.
      15. Құрылымдық-функционалдық бірліктердің әкімшілік іс-қимылдарының (процедуралары) ҚФБ осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Қазақстан Республикасы     
аумағына таралатын шетелдік  
теле-, радиоарналарды есепке,
қайта есепке қою» мемлекеттік
қызмет регламентіне      
1-қосымша           

Талон

_________________________________________________________________________________
                                (субъектінің атауы)

Өтінішті қабылдады ______________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
                                 (маманның Т.А.Ә.)

2012 ж. «___» ____________ __ с.__ м.

«Қазақстан Республикасы     
аумағына таралатын шетелдік  
теле-, радиоарналарды есепке,
қайта есепке қою» мемлекеттік
қызмет регламентіне      
2-қосымша          

Құрылымдық-функционалдық бірліктерінің әкімшілік іс
қимылдарының (процедуралары) бірізділігі және өзара
іс-әрекеті сипаттамасы

Негізгі процестің іс-қимылы (барысы, жұмыс ағыны)

Құрылымдық-функционалдық бірліктер атауы

Кеңсе қызметкері

Комитет басшылығы

Электрондық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының қызметкері

1

Іс-қимыл атауы (процедура, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамалары

1. Құжаттарды тіркеу
2. Басшылыққа құжаттарды беру

3. Құжаттарды қарастыру
4. Құжаттарды электрондық бұқаралық ақпарат құралдары басқармасына беру

5. Өтініш тақырыбын талдау. Өтінішті орындау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау

2

Аяқталу нысаны
(мәліметтер, құжат, ұйымдық–тарату шешімі)

7. Құжаттарды жіберу


6. Тұтынушыға жауап дайындау.
Куәлікті рәсімдеу немесе куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап

3

Орындалу мерзімі

күнтізбелік 4 күн

күнтізбелік 2 күн

күнтізбелік 9 күн,
2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы жауап

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады