"Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 816 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8137 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 245 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 10.04.2014 № 245 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 816 бұйрығымен   
бекітілген      

«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) қызмет «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 18-1-бабына, «Техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көлік саласындағы мемлекеттік стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі - алушы) – бұл жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      2) құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қатысатын ақпараттық жүйкелер мен кіші жүйелер.
      3. «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Стандартқа 1 және  2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет мыналардың негізінде көрсетіледі:
      1) қызмет «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 18-1-бабы;
      2) Қағидалар;
      3) Стандарт.
      7. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде басқа мемлекеттік органдар қатыспайды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      9. Мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік қызмет ХҚК орталықтарында көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндердi қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, түскi үзiлiссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады.
      Қабылдау, алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат және қажетті құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында, www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет» кіші бөлімінде);
      2) ХҚКО интернет-ресурсында, www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;
      3) ХҚКО үй-жайларында орнатылған стенділерде;
      4) 1414 call-Орталығында орналастырылған.
      12. Мемлекеттік қызметі алу үшін алушы құжаттарды Стандарттың 11-тармағына сәйкес тапсырады.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
      14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет беруден бас тартылады.
      15. Алушы жүгінген сәттен бастап оған мемлекеттік қызмет нәтижелерін бергенге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) алушы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды ХҚКО береді;
      2) ХҚКО қызметкерлері алушы ұсынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді;
      3) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға береді.
      ХҚКО уәкілетті органға құжаттар пакетінің жөнелтілу фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын байқауға мүмкіндік беретін штрих-код сканердің көмегімен белгіленеді;
      4) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері құжаттардың уәкілетті органға түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және басшының не оның орынбасарының қарауына береді;
      5) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары қарағаннан кейін уәкілетті органға құжаттардың түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығына қарауға береді;
      6) уәкілетті органның көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылған құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды және уәкілетті органның көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманына қарауға береді;
      7) уәкілетті органның көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы уәкілетті органға құжаттардың түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде ХҚКО ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асырады және техникалық байқау операторының тізіліміне енгізу туралы жазбаша хабарлама не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
      8) қарағаннан кейін уәкілетті органның көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;
      9) уәкілетті органның басшысы уәкілетті органға құжаттардың түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде техникалық байқау операторының тізіліміне енгізу туралы жазбаша хабарламаға не дәлелді бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;
      10) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жібереді.
      Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижелерін қабылдау кезінде ХҚКО Штрих-код сканері көмегімен келіп түскен құжаттарды тіркейді;
      11) ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет нәтижесін - техникалық байқау операторының тізіліміне енгізу туралы жазбаша хабарламаға не дәлелді бас тартуды береді.
      16. ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асырушы адамдардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылды (өзара
іс-қимылды) сипаттау

      17. Құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
      Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай ҚФБ іске қосылды:
      1) ХҚКО қызметкері;
      2) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері;
      3) Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;
      4) уәкілетті органның басшысы;
      5) уәкілетті органның көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы;
      6) уәкілетті органның көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы;
      7) курьер.
      19. Әрбір әкімшілік іс-қимылды (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әрбір әкімшілік іс-қимылының (рәсімінің) дәйектілігін және өзара іс-қимылын сипаттаудың мәтіндік кестесі осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдар мен ҚФБ арасындағы өзара іс-қимыл схемасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу»
мемлекеттік қызмет регламентіне          
1-қосымша                      

1-кесте. ҚФБ іс-қимылын сипаттау

Негізгі процестің әрекеті

1

Іс-қимыл №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

ХҚКО қызметкері

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті орган бөлімінің бастығы

Уәкілетті орган бөлімінің маманы

3

Іс-қимылдар атауы және олардың сипаттауы

Өтініштерді және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесін қабылдау; уәкілетті органға өтінішті және құжаттардың толық тізбесін жөнелту

Өтініштерді және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесін қабылдау

Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу үшін өтініштерді қарау.

Құжаттардың ұсынылған тізбесін қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарау

ХҚКО ұсынылған құжаттарды қарау және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу туралы жазбаша хабарламаны не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және нәтижені қол қою үшін басшыға жіберу

5

Орындау мерзімдері

20 мин.

уәкілетті органға құжаттар түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде

уәкілетті органға құжаттар түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде

уәкілетті органға құжаттар түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде

уәкілетті органға құжаттар түскен күннен бастап 5 күн

6

Келесі іс-қимыл нөмірі

10

9

8

7

6

7

Аяқталу нысаны

Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу туралы жазбаша хабарлама не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру

Нәтижелерді ХҚКО жіберу.

Нәтижеге қол қою және уәкілетті органның кеңсесіне жіберу.



9

Орындау мерзімдері

20 мин.

техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу

техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.

Негізгі процестің іс-қимылы

1

2

3

4

5

ХҚКО қызметкері

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті орган бөлімінің бастығы

Уәкілетті орган бөлімінің маманы

Өтініштерді және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесін қабылдау; уәкілетті органға өтінішті және құжаттардың толық тізбесін жөнелту

Өтініштерді және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесін қабылдау

Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу үшін өтініштерді қарау.

Құжаттардың ұсынылған тізбесін қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарау

ХҚКО ұсынылған құжаттарды қарау және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу туралы жазбаша хабарламаны не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және нәтижені қол қою үшін басшыға жіберу

Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу туралы жазбаша хабарлама не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру

Нәтижелерді ХҚКО жіберу.

Нәтижеге қол қою және уәкілетті органның кеңсесіне жіберу.



«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу»
мемлекеттік қызмет регламентіне           
2-қосымша                      

Функционалды өзара іс-қимыл диаграммасы

1

2

3

4

5

ХҚКО қызметкері

Уәкілетті
органның кеңсесі

Уәкілетті
органның басшысы

Уәкілетті орган бөлімінің
бастығы

Уәкілетті орган
бөлімінің маманы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады