"Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 814 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8146 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 № 110 бұйрығымен.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 814 бұйрығымен   
бекітілген      

«Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар
беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрi – Регламент) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 13-бабының 21) тармақшасының, «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрi - Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі - алушы) – жеке (жеке кәсіпкер) және заңды тұлғалар;
      2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрi - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлері, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелер немесе жүйешелер;
      3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті.
      3. «Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – уәкілетті орган) Стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 13-бабының 21) тармақшасы;
      2) Стандарт;
      3) Қағида негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды (бұдан әрі – карточка) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет өзге мемлекеттік органдардың қатысуысыз көрсетіледі.
      8. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары

      9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО бөлімдерінде.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап, сенбіні қосып алғанда көрсетіледі.
      Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат және қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгісі:
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mtc.gov.kz мекенжай бойынша («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
      ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
      ХҚКО ғимаратында орналасқан стенділерде;
      call-орталықта 1414 орналастырылған.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
      14. Алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
      ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда алушыға жетіспейтін құжаттар белгіленген қол хат беріледі.
      Көліктік бақылау органы толтырылған құжаттардың қателерін анықтаған, Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық ұсынылмаған жағдайда құжаттар топтамасын алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде бас тартудың жазбаша негіздемесін ХҚКО-на жолдайды.
      ХҚКО қызметкері оларды алғаннан кейін алушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды және көліктік бақылау органның бас тарту туралы жазбаша негіздемесін береді.
      Егер алушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбесе, ХҚКО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етіп, содан кейін көліктік бақылау органына жолдайды.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) алушы ХҚКО-ға Стандартқа 3-5-қосымшаларға сәйкес өтініш береді;
      2) ХҚКО қызметкері өтінішті және қажетті құжаттар тізімін қабылдайды, өтінішті тіркейді, жинақтаушы бөлімнің қызметкері құжаттарды көліктік бақылау органына курьер арқылы жолдайды;
      ХҚКО–дан құжаттар пакетін уәкілетті органға жолдау фактісі мемлекеттік қызметті көрсету барысында құжаттар қозғалысын зерттеп отыратын штрихкод сканері көмегімен бекітіледі;
      3) уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді және оны уәкілетті органның басшысына не оның орынбасарына қарауға береді;
      4) уәкілетті органның бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттарды қарағаннан кейін уәкілетті органның бөлім бастығына қарауға береді;
      5) уәкілетті органның бөлім бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар тізбесін қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, уәкілетті органның бөлімінің маманына береді;
      6) уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарап, қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда құжаттарды әзірлеушіге электрондық карточканы даярлау үшін жолдайды немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді;
      7) әзірлеуші электрондық карточканы он жұмыс күні ішінде даярлайды және уәкілетті органға жолдайды;
      8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жібереді;
      9) ХҚКО алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін – электрондық карточканы немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жазбаша түрде береді.
      16. ХҚКО-да мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүргізетін адамдардың ең аз саны бір адамды құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара
іс-қимыл) тәртібін сипаттамасы

      17. ХҚКО құжаттарды қабылдау ХҚКО қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ атқарылатын қызметі және тағайындалуы туралы ақпарат орналастырылған операциялық залда «тосқауылсыз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
      ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған кезде алушыға:
      1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
      2) сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттар берiлген күні (уақыт) мен орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты.
      Уәкілетті органға түскен арыз жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналына тіркеледі, осыған қоса қазақ тілінде төмендегі оң жақ бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі тіркейтін штампен басылады.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер:
      1) ХҚКО қызметкері;
      2) ХҚКО жинақтау бөлімшесінің қызметкері;
      3) көліктік бақылау орган кеңсесінің қызметкері;
      4) көліктік бақылау органының бастығы;
      5) көліктік бақылау органы бөлімінің бастығы;
      6) көліктік бақылау органы бөлімінің маманы;
      7) уәкілетті органның кеңсесі;
      8) уәкілетті органның төрағасы немесе оның орынбасарлары;
      9) уәкілетті органның автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының маманы;
      10) электрондық карточканың әзірлеушісі;
      11) курьер.
      19. Осы регламенттің 1-қосымшасында әр ҚФБ әкімшілік процедураларының әрекеттесуінің және олардың қисынды реттілігінің әрбір әкімшілік процедураларды орындаудың уақыты көрсетілген кестедегі жазбаша сипаттамасына көрсетілген.
      20. Осы регламенттің 2-қосымшасында ҚФБ мен мемлекеттік қызметті көрсету процедурасындағы іс-әрекеттердің логикалық реттілгінің арасындағы өзара байланысының сызбасы келтірілген.

Электрондық (цифрлы) тахографтарға
электрондық карточкалар беру» 
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымшасы         

1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.

Негізгі үдеріс қызметі

1

Іс-қимыл №

1

2

3

4

5

6

2

ҚАБ атауы

ХҚО қызметкері

Көліктік бақылау уәкілетті органының кеңсесі

Көліктік бақылау уәкілетті органының басшысы

Көліктік бақылау уәкілетті органының бөлім бастығы

Көліктік бақылау уәкілетті органының бөлім маманы

Электронды (цифрлы) тахографтарға электронды карточкалар дайындаушы

3

Іс-қимыл атауы және олардың сипаттамасы

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларды алуға тиісті құжаттар тізбесін және өтініш, өтінішті қарастыру; өтінішті және толық құжаттар тізбесін көліктік бақылау органдарына жолдайды

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын алу арызын және тиісті құжаттардың тізбесін қабылдау

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын алу арыздарын қарату

Жіберілген құжаттар тізбесін талапқа сәйкестігіне қарату

Уәкілетті орган бөлімінің маманына арызды қарастыру барысында ХҚКО-дан ұсынылған құжаттарды бес күн ішінде құжаттардың талапқа сәйкестігін қарап электронды карточка жасаушыға жолдайды немесе ұсынудан бас тарту дәлел жауабын береді

Даярлаушы электронды (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларды даярлап уәкілетті органға жолдайды

5

Орындау мерзімі

20 мин.

1-күн ішінде уәкілетті органға өтініштің келіп түсу күнінен бастап

1-күн ішінде уәкілетті органға өтініштің келіп түсу күнінен бастап

1-күн ішінде уәкілетті органға өтініштің келіп түсу күнінен бастап

5-күн ішінде уәкілетті органға өтініштің келіп түсу күнінен бастап

10-күн ішінде уәкілетті органға арыздың келіп түсу күнінен бастап

6

Келесі әрекет нөмірі

12

11

10

9

8

7

7

Іс-қимыл атауы және олардың сипаттамасы

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын жіберу

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын ХҚКО ұсыну




Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын уәкілетті органға келген күннен бастап 10 күн ішінде ұсынылады

8

Аяқталу нысаны

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын ұсыну






9

Орындау мерзімі

20 мин.

алу күні





Кесте 2. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Негізгі үдеріс

1

2

3

4

5

6

ХҚО қызметкері

Көліктік бақылау уәкілетті орган кеңсесі

Көліктік бақылау уәкілетті органының басшысы

Көліктік бақылау уәкілетті органының бөлім бастығы

Көліктік бақылау уәкілетті органының бөлім маманы

Электронды (цифрлы) тахографтарға электронды карточкалар даярлаушы

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларды алуға тиісті құжаттар тізбесін және қабылдау өтініші, өтінішті қарастыру; тіркеу журналына өтінішті тіркеу, арызды және толық құжаттар тізбесін уәкілетті органға жолдайды

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын алу өтінішін және тиісті құжаттардың тізбесін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, осыған қоса қазақ тілінде төменгі оң жақ бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі тіркейтін штампен басылады

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын алу өтініштерін қарату

Жіберілген құжаттар тізбесін талапқа сәйкестігіне қарату

Уәкілетті органның маманы өтінішті қарастырып бес жұмыс күні ішінде арыздың түскен күнінен бастап, электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын дайындаушыға жолдайды

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын дайындайды

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын жолдау

Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын ХҚКО қабылдау күніне ұсыну




Электрондық (цифрлы) тахографтарға электронды карточкаларын дайындайды және уәкілетті органдарға он жұмыс күні ішінде

Электрондық (цифрлы) тахографтарға
электрондық карточкалар беру»  
мемлекеттік қызмет регламентіне 
2-қосымшасы           

Функционалды өзара іс-қимыл диаграммасы

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі

1

2

3

4

5

6

ХҚО
қызметкері

Көліктік бақылау
уәкілетті орган
кеңсесі

Көліктік бақылау уәкілетті органының басшысы

Көліктік бақылау уәкілетті органының бөлім бастығы

Көліктік бақылау уәкілетті органының бөлім маманы

Электронды
(цифрлы)
тахографтарға
электронды
карточкалар
даярлаушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады