"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 179 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 желтоқсанда № 8180 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрығымен.

      Баспасөз-релиз

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес және «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеу және оны ресми жария етуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                            Д. Мыңбай

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация министрі
      _________________ А. Жұмағалиев
      2012 жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы     
Мәдениет және ақпарат Министрінің
2012 жылғы 7 қарашадағы    
№ 179 бұйрығымен бекітілді  

«Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу»
электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz арқылы көрсетіледі.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1263 қаулысымен бекітілген «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматизациялау дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
      4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
      5. Осы регламентте қолданылған ұғымдар мен қысқартулар:
      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
      2) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      3) бизнес-сәйкестендіргіш нөмір – қызметін бірлесіп жүзеге асырушы жеке кәсіпкер және заңды тұлға (бөлімше және өкілдік) үшін қалыптасқан бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
      4) бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе – бұл аппараттық программалар жинағы, нотариалдық қызметті автоматизациялауға және нотариаттық палата мен әділет органдарымен өзара әрекеттесуге арналған (бұдан әрі - БНАЖ);
      5) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта рәсімделген, тоқтатылған, жаңғыртылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ, лицензиялаушы бөлімшелері, өкілдіктері (объект, пункт, учаске), лицензиялаушы беретін лицензияның сәйкестендіргіш нөмірін орталықтандырылған қалыптастыратын лицензияланатын қызмет түрі (саласы) туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ);
      6) жеке сәйкестендірме нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде өзінің қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірыңғай нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
      7) «жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және ақпараттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);
      8) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры – автоматты жинауға, сақтауға және ақпарттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында бизнес-сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);
      9) құрылымдық-функционалды бірлік – қызмет көрсету процесінде қатысатын бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері, мекемелері немесе басқа да ұйымдар және ақпараттық жүйе тізімі (бұдан әрі – ҚФБ);
      10) пайдаланушы – ақпараттық жүйеге оған қажетті электрондық ақпараттық қорды алу үшін жүгінген және сонымен қолданушы субъект;
      11) транзакциялық қызмет – электрондық сандық қолтаңбаны қолданып, өзара ақпаратты алмасу арқылы электрондық ақпараттық қорды қолданушыға ұсыну қызметі;
      12) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
      13) «электрондық үкіметтің» шлюзі - электронды қызметті жүзеге асыру шеңберінде «электронды үкімет» ақпараттық жүйесін интеграциялау үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
      14) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың «электрондық үкімет» төлемдерін жүзеге асыру кезінде және жеке банктік операцияларды жүзеге асыратын мекемелер мен екінші дәрежелі банктердің ақпараттық жүйесі арасындағы әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін арналған автоматты ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮТШ);
      15) электрондық цифрлы қолтаңба – электрондық құжаттың нақтылығын және оған тиесілі мазмұнының айнымастығын дәлелдейтін және электрондық сандық қолтаңба құралдары арқылы құрылған электрондық сандық белгілердің жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
      16) электрондық құжат - электронды-сандық пішінде ұсынылған ақпараттар және электрондық сандық қолтаңба арқылы дәлелденген құжат;
      17) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
      18) электронды лицензия – ақпараттық технологияларды пайдаланумен ресімделетін және берілетін, қағаз тасымалдағыштағы лицензияға тең мағыналы болатын электронды құжат нысанындағы лицензия.

2. Электрондық мемлекетттік қызметті көрсету жөніндегі
қызмет беруші әрекетінің тәртібі

      6. Қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттері мен шешімдері (ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы) осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген:
      1) пайдаланушы ЭҮП-ке тіркеуді компьютердің интернет-браузеріне бекітіп қойған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-ке тіркелмеген пайдаланушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1 үдеріс – пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін пайдаланушының ЭҮП-ке парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);
      3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің дұрыстығын ЭҮП-те тексеру;
      4) 2-үдеріс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, ЭҮП авторландырудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;
      5) 3-үдеріс – осы Регламентте көрсетілген «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да қызметті пайдаланушы таңдайды, қызмет көрсету үшін сұраныс формасы экранға шығарылады және пайдаланушы форманы оның құрылымдық және пішіндік талаптарына сай толтырады (мәлімет енгізеді), сұраныс формасына қажетті құжаттардың электронды түрде бекітеді;
      6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-де қызметті төлеу, кейін осы ақпарат «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-ға түседі;
      7) 2-шарт – қызмет көрсету үшін төленгенін «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-де тексеру;
      8) 5-үдеріс – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-де қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұраған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-үдеріс – сұранысты дәлелдеу (қол қою) үшін пайдаланушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды;
      10) 3-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және тіркеу куәліктері кері қайтарылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын, сондай-ақ, сәйкестендіру ақпаратының сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестігін тексеру;
      11) 7-үдеріс – пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалылығы расталмағанына байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарландыруды қалыптастыру;
      12) 8-үдеріс – пайдаланушының қызмет көрсетуге толтырылған (мәлімет енгізілген) сұранысын ЭЦҚ арқылы дәлелдеу (қол қою);
      13) 9-үдеріс – электронды құжатты тіркеу (пайдаланушының сұранысын) және «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ сұранысын өңдеу;
      14) 4-шарт – қызмет көрсетуші пайдаланушыны біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздерге сәйкестігін тексереді;
      15) 10-үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ пайдаланушы мәліметтерінің бұрмаланғанына байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарландыруды қалыптастыру;
      16) 11-үдеріс – пайдаланушының «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да ұйымдастырылған қызмет қорытындысын (электронды лицензия) алу. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы құрылады.
      7. Қызмет көрсетушінің шешімі және реттік іс-әрекеті (№ 2-диаграмма электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі өзара іс-әрекет) осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген:
      1) 1-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ қызмет көрсетушінің қызметкерлерімен логин және паролін теру (авторизация үрдісі);
      2) 1-шарт – логин және пароль арқылы «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ тіркелген қызмет көрсетуші қызметкері туралы мәліметтерінің дәлелдігін тексеру;
      3) 2-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің мәліметтері бұрмаланғанына байланысты «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-мен авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерімен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраныс формасын экранға шығару және қызмет көрсетуші қызметкерімен пайдаланушының мәліметтерін енгізу, сонымен қатар пайдаланушы өкілінің сенімхат деректері (нотариалды куәландырылған сенімхатпен, басқа да куәландырылған сенімхат деректері толтырылмайды);
      5) 4-үдеріс – ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ-ға пайдаланушы мәліметтері туралы сұранысты ЭҮШ арқылы жолдау, сонымен қатар БНАЖ-ға – пайдаланушы өкілінің сенімхат деректері туралы;
      6) 2-шарт – пайдаланушы мәліметтерінің ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ-да болуын тексеру, БНАЖ-дағы сенімхат деректері;
      7) 5-үдеріс - ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ пайдаланушылардың мәліметтері жоқ болғанына байланысты ақпарат алу мүмкін еместігі туралы хабарландыру қалыптастыру, БНАЖ-дағы сенімхат деректері;
      8) 6-үдеріс – сұраныс формасының қағаз нұсқасы бар болғаны туралы бөлігін толтырып, пайдаланушымен ұсынылған және қажетті құжаттарды қызмет көрсетуші қызметкерімен сканерлеп, оларды сұраныс формасына қыстыру;
      9) 7-үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ сұранысты тіркеу және қызметті «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ өңдеу;
      10) 3-шарт – қызмет көрсетуші біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне пайдаланушының сәйкестігін тексеру;
      11) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-де пайдаланушы мәліметтерінде бұрмалаушылықтардың болуына байланысты сұралған қызметтен бас тару туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9-үдеріс - пайдаланушы «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-мен қалыптасқан қызмет қорытындысын (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы қалыптастырылады.
      8. Сұранысты толтыру нысаны және қызметке жауап www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында келтірілген.
      9. Пайдаланушымен электрондық қызмет көрсету бойынша сұраныстың орындалу мәртебесін тексеру әдісі: «электронды үкімет» порталында «қызмет алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ қызмет көрсетушіге жүгінген кезде.
      10. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету туралы қажетті ақпаратты және кеңесті ЭҮП-тың сall–орталығы (1414) арқылы алуға болады.

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      11. электрондық мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын ҚФБ:
      1) ЭҮП;
      2) ЭҮШ;
      3) ЭҮТШ;
      4) АЖ МДҚ «Е-лицензиялау»;
      5) МДҚ ЖТ/МДҚ ЗТ;
      6) БНАЖ;
      7) қызмет көрсетуші.
      12. Әр іс-қимылдың орындалу (процедура, функция, операция) әрекетінің жүйелілігі мен мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелі сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      13. Іс-әрекеттің (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінде) логикалық жүйелілігі мен оның сипаттамасы арасындағы сәйкестікті көрсететін өзара байланыс диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      14. Пайдаланушыға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткішімен өлшенеді.
      15. Пайдаланушыға қызмет көрсету үрдісіне қойылатын талаптар:
      1) құпиялылық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттарды алудан қорғау);
      2) тұтастық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттардың өзгеруінен қорғау);
      3) қолжетімділік (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттар мен қорларды ұстаудан қорғау).
      16. Қызмет көрсетуге техникалық талаптар:
      1) интернетке шығу;
      2) электронды лицензия берілетін тұлғаның ЖСН/БСН-нің болуы;
      3) ЭҮП-те авторизациялану;
      4) ЭЦҚ-ның пайдаланушысының болуы;
      5) банк карточкасын немесе екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы.

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен, айналысуға лицензия беру,
лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне  
1-қосымша             

ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзара
функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасы

Қызмет көрсетуші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
өзара функционалды әрекет етудің № 2-диаграммасы

Шартты белгілер:

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен, айналысуға лицензия беру,
лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне  
2-қосымша               

1-Кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Іс-әрекет № ( жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

ҚФБ атауы

пайдаланушы

ЭҮП

пайдаланушы

ЭҮПШ

ЭҮП

пайдаланушы

ЭҮП

пайдаланушы

ЭҮП

ЭҮП

ЭҮП

2

Іс-әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, процедуралар) және олардың сипаттамасы

Пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекіту

Пайдаланушының деректеріндегі бұзушылықтар мен байланысты бас тарту хабарламасын қалыптастырады

Қызметті таңдайды және қажетті құжаттарды электронды түрде бекітумен, сауал деректерін қалыптастырады;

Қызмет төлемақысын жасау

Төлемнің жоқ болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Сұранысты растау (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдайды

Пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалығын расталмағанына байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарландыруды қалыптастыру

ЭЦҚ арқылы сұранысты растау (қол қою)

Электронды құжатты «Е-лицензиялау» АЖ тіркеу (пайдаланушының сұранысын) және «Е-лицензиялау» АЖ сұранысты өңдеу

«Е-лицензиялау» АЖ пайдаланушы мәліметтерінің бұрмаланғанына байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарландыруды қалыптастыру;

Электрондық құжат (электрондық лицензия)

3

Аяқтау пішіні (деректер, құжат ұйымдастыру реттеу шешімі)

Пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітіледі

Пайдаланушының деректеріндегі бұзушылықтармен байланысты бас тарту хабарламасы

Қызметтер таңдалған және қажетті құжаттарды электронды түрде бекітумен, сауал деректері қалыптастырылған;

Қызмет төлем ақысы жасалғандығы туралы квитанция

Төлем тексеріліп және төлемнің жоқ болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылған

Сұранысты растау (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдалған

пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалығын расталмағанына байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарландыру

ЭЦҚ арқылы сұранысты растау (қол қою) өткізілген

Электронды құжатты «Е-лицензиялау» АЖ тіркеу (пайдаланушының сұранысын) және «Е-лицензиялау» АЖ сұранысты өңдеу өткізілген

«Е-лицензиялау» АЖ пайдаланушы мәліметтерінің бұрмаланғанына байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарландыру

Пайдаланушыға берілген және жіберілген электрондық құжат (электрондық лицензия)

4

Орындалу мерзімі

10–15 сек

20 сек

1,5 мин

1,5 мин

10–15 сек

10–15 сек

10–15 сек

1,5 мин

10–15 сек

-

15 жұмыс күні

5

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

1

2-пайдаланушы мәліметінде бұрмалаушылық болған жағдайда; 3–егер авторизация сәтті өткен жағдайда

-

4

5–егер төлемесе, 6–егер төлесе

-

7

8–егер ЭЦҚ қателік болса, 9–егер ЭЦҚ қателік болмаса

-

10-пайдаланушы ны қызмет көрсетуші тарапынан біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін тексеру

11

2-Кесте. Қызмет көрсетуші арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Іс-әрекет № ( жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

ҚФБ атауы

Қызмет көрсетуші

«Е-Лицензиялау» АЖ МДҚ

Қызмет көрсетуші

ЗТ МДҚ, ЖТ МДҚ, БНАЖ

«Е-Лицензиялау» АЖ МДҚ

Қызмет көрсетуші

«Е-Лицензиялау» АЖ МДҚ

«Е-Лицензиялау» АЖ МДҚ

Қызмет көрсетуші

2

Іс-әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, процедуралар) және олардың сипаттамасы

«Е-Лицензиялау» АЖ МДҚ-да авторизациялану

Пайдаланушының деректеріндегі бұзушылықтар мен байланысты авторизациядан бас тарту хабарламасын қалыптастырады

Қызмет көрсетуші қызметкерімен қызметті таңдау

ЗТ МДҚ-да, ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да пайдаланушының мәліметтерін тексеруге сұранысты жолдау

Пайдаланушының деректеріндегі бұзушылықтар мен байланысты ЗТ МДҚ-да, ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да бас тарту хабарламасын қалыптастыру

Құжаттарды бекітумен сұраныс формасын толтыру

Электрондық құжатты «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ–да сұранысты өңдеу

«Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да пайдаланушының деректеріндегі бұзушылықтар мен байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Электрондық құжат (электрондық лицензия)

3

Аяқтау пішіні (деректер, құжат ұйымдастыру реттеу шешімі)

«Е-Лицензиялау» АЖ МДҚ-да авторизация өткізілген немесе өткізілмеген

Пайдаланушының деректеріндегі бұзушылықтар мен байланысты авторизациядан бас тарту хабарламасы

Қызмет көрсетуші қызметкерімен сәйкесінше қызмет таңдалған

пайдаланушының мәліметтерін тексеруге ЗТ МДҚ-ға, ЖТ МДҚ-ға, сұраныс жолданған

Пайдаланушының деректеріндегі бұзушылықтар мен байланысты ЗТ МДҚ-да, ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да бас тарту хабарламасы

Құжаттарды бекітумен сұраныс формасы толтырылған

Электрондық құжатты «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да тіркелген және «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ–да сұраныс өңделген

«Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да пайдаланушының деректеріндегі бұзушылықтар мен байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарлама

Электрондық лицензия

4

Орындалу мерзімі

10–15 сек

10 сек

1,5 мин

1,5 мин

1,5 мин

10–15 сек

10–15 сек

10–15 сек

10–15 сек

5

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

1–қызмет көрсетуші қызметкерінің «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ логин және парольі мәліметінің дұрыстығын тексеру

2

3

4–егер пайдаланушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда

5–егер авторизация сәтті өткен жағдайда

6

7

8–егер «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да сұраныс бойынша мәлімет болмаған жағдайда

9–егер сұраныс бойынша мәлімет табылған жағдайда пайдаланушының электрондық қызмет нәтижесін алу

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен, айналысуға лицензия беру,
лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне  
3-қосымша               

Нысан

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Электрондық мемлекеттік қызметтің көрсеткіштерін анықтау үшін
сауалнама: «сапа» және «қол жетімділік»
_______________________________________________________
(қызметтің атауы)

      1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.
      2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады