Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 811 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8229 тіркелді

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 06.01.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Жұмағалиев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және ақпарат

      министрi

      _________ Д. Мыңбай

      2012 ж. 27 қараша

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы № 811
бұйрығымен бекітілді

Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио
хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 06.01.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Телерадио хабарларын тарату желілері теле-, радиоарналарды тарату ортасына байланысты мыналарға:

      1) спутниктік телерадио хабарларын тарату желілеріне;

      2) эфирлік телерадио хабарларын тарату желілеріне;

      3) кәбельдік телерадио хабарларын тарату желілеріне бөлінеді.

      3. Қағидаларда Заңда белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер тиісті анықтамалармен қолданылады:

      1) телерадио хабарларын тарату желісі – Қазақстан Республикасы аумағында және шет мемлекеттерде теле-, радиоарналарды трансляциялау мен тарату үшін пайдаланылатын жер үсті және спутниктік хабар тарату жүйелерінің бірыңғай өндірістік-технологиялық кешенін құрайтын бірыңғай телекоммуникациялар желілерінің құрамдас бөлігі;

      2) телерадио хабарларын тарату операторының желісі – телерадио хабарларын тарату операторы пайдаланатын қолданылатын осы құралдардың параметрлерімен анықталатын аумақтағы теле-, радиоарналарды трансляциялау мен таратуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен байланыс арналарының жиынтығы;

      3) теле-, радиоарна сигналы – технологиялық параметрлері техникалық нормаларға және стандарттарға сәйкес анықталған теле-, радиоарнаның электрлік сигналы;

      4) теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу – теле-, радиокомпаниялар техникалық құралдарының және телерадио хабарларын тарату операторлары желілерінің технологиялық өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру, бұл ретте теле-, радиоарналар сигналдарын өткізу және телерадио хабарларын тарату операторының желілері бойынша теле-, радиоарналарын беру мен тарату жөніндегі қызметтерді көрсету мүмкін болады;

      5) қосу нүктесі – телерадио хабарларын тарату желісінің құрамына кіретін, олардың көмегімен телерадио бағдарламалары сигналдарын телерадио тарату желісіне беруді жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын және (немесе) телекоммуникация желісінің техникалық құралдарын физикалық қосуы жүзеге асырылатын және телерадио хабарларын тарату желілері бойынша теле-, радиоарналардың сигналдарын өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін техникалық құралдар.

2. Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио
хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу тәртібі

      4. Елді мекенде телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыру бойынша жоспарларды әзірлеу үдерісінде теле-, радиокомпания телерадио хабарларын тарату операторына теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторлары желілеріне қосу шарттарын алуға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.

      5. Телерадио хабарларын тарату операторы теле-, радиокомпанияның өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде теле-, радиокомпанияға осындай қосылулардың техникалық және экономикалық шарттарын көрсете отырып, телерадио хабарларын тарату операторларының желісіне телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын қосудың техникалық мүмкіндігінің бар болуы туралы жазбаша хабарламаны жібереді.

      6. Телерадио хабарларын тарату операторлары желісіне теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын қосудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, негізделген себептермен телерадио хабарларын тарату операторларының желісіне теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын қосуды қамтамасыз етуге жазбаша түрде бас тартуды теле-, радиокомпанияға жібереді.

      7. Теле-, радиокомпаниялардың және (немесе) телерадио хабарларын таратудың басқа да желілерінің техникалық құралдарын қосу шарттарына ықпал ететін телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын қайта жаңарту және (немесе) жаңғыртуды жоспарлау кезінде, телерадио хабарларын таратудың тиісті операторы кемінде күнтізбелік 30 күнде бұл туралы теле-, радиокомпания басшылығын және өзара әрекет етуші операторларды хабардар етеді және қосудың техникалық шарттарын өзгерту уақытын келіседі.

      8. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу шарттары және олардың өзара іс-қимылдары техникалық және экономикалық болып бөлінеді.

      9. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосудың техникалық шарттары және олардың өзара іс-қимылдары мынадай ақпараттардан тұруы тиіс:

      1) телерадио хабарларын тарату желілеріне қосылу нүктелерінің орналасқан жері;

      2) телерадио хабарларын тарату желілеріне қосу нүктелерінің техникалық параметрлері;

      3) телерадио хабарларын тарату желілеріне қосылу нүктелерінде теле-, радиоарналар сигналдарының техникалық параметрлеріне талаптар;

      4) телерадио хабарларын тарату желілеріне қосылу жөніндегі жұмыстардың орындалу көлемі, тәртібі мен мерзімдері;

      5) жауапкершілік аймағын шектеу арқылы телерадио хабарларын тарату желілері бойынша теле-, радиоарналар сигналдарын беру;

      6) телерадио хабарларын тарату құралдары мен желілеріне пайдалану-техникалық қызмет көрсету;

      7) телерадио хабарларын тарату желілерінің соның ішінде төтенше жағдайларда тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану.

      10. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторлары желілеріне қосудың экономикалық шарттары және олардың өзара іс-қимылдары мынадай ақпараттардан тұруы тиіс:

      1) қосудың экономикалық шарттарының тізбесі;

      2) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторлары желілеріне қосу қызметтерінің тізбесі, сондай-ақ олардың құны;

      3) телерадио хабарларын тарату операторларының желілері бойынша теле-, радиоарналар сигналдарын беру қызметтерінің тізбесі, сондай-ақ олардың құны;

      4) телерадио хабарларын тарату операторлары желілері бойынша теле-, радиоарналар сигналдарын тарату жөніндегі қызметтер үшін есеп айырысу.

      11. Техникалық құралдарды қосуға ұйымдастыру үшін қажетті техникалық және экономикалық шарттар теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторлары арасында жасалған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      12. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторының желісіне қосудың шарттары және олардың өзара іс-қимылдары шартта көрсетіледі.

  Телерадио хабарларын тарату операторлары
желілеріне теле-, радиокомпаниялардың
техникалық құралдарын қосу қағидаларына
1-қосымша

      _____________________________________________________________________

       Кімге (Телерадио хабарларын тарату операторының толық атауы:

      заңды тұлғаның және (немесе) жеке тұлға бар болған жағдайда – тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

       Кімнен (Теле-, радиокомпанияның толық атауы: заңды тұлғаның

      және (немесе) жеке тұлға бар болған жағдайда – тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш

       Телерадио хабарларын тарату _________________________ желісіне

       спутниктік, эфирлік немесе кәбілдік

      теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын қосу шарттарын

      ұсынуды сұраймын ____________________________________________________

       Телерадио хабар тарату операторының атауы

      Теле-, радиокомпания туралы мәлімет:

       1. Теле-, радиокомпанияның толық атауы: _______________________

       2. Заңды мекенжайы және теле-, радиокомпанияның орналасқан орны: _______________________________________________________________

       3. Телефон, факс нөмірлері: ___________________________________

       4. Байланыстағы тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты – бар болған

      жағдайда телефон, факс нөмірлері, E-mail:

      _____________________________________________________________________

       5. Теле-, радиоарнаның атауы:

      _____________________________________________________________________

       6. Жоспарланған тарату аумағы және теле-, радиоарнаның трансляциялау пункттері:

      _____________________________________________________________________

       7. Теле-, радиоарнаның тарату ортасы:

      _____________________________________________________________________

       спутниктік, эфирлік және кәбілдік

       8. Телерадио хабарларын тарату желісінде және (немесе)

      телекоммуникацияларда теле-, радиоарналар сигналдарының болуы туралы ақпарат:

      _____________________________________________________________________

       Телерадио хабарларын тарату желісінің және (немесе)

       телекоммуникациялар және операторлар желісінің атауы

       Басшы _______ _________________________________________________

       (қолы) (бар болған жағдайда – тегі, аты, әкесінің аты)

       Мөрдің орны

       20 ___ ж. "___"__________

       Өтініш қабылданды: 20___ж. "___" _________________

      _____________________________________________________________________

      (қолы, телерадио хабар тарату операторының жауапты адамының Т.А.Ә.)

Об утверждении правил присоединения технических средств теле-, радиокомпаний к сетям операторов телерадиовещания

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 ноября 2012 года № 811. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2012 года № 8229

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 18 января 2012 года "О телерадиовещании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула в редакции приказа и.о. Министра информации и коммуникаций РК от 06.01.2017 № 2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила присоединения технических средств теле-, радиокомпаний к сетям операторов телерадиовещания.

      2. Департаменту государственной политики в области связи Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Ярошенко В.В.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в установленном порядке официальное опубликование настоящего приказа;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Сарсенова С.С.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Жумагалиев


      "СОГЛАСОВАН"

      Министр

      культуры и информации

      Республики Казахстан

      ___________ Д. Мынбай

      27 ноября 2012 г.

  Утверждены
приказом Министра транспорта и
коммуникаций Республики Казахстан
от 26 ноября 2012 года № 811

Правила присоединения технических средств теле-, радиокомпаний к сетям операторов телерадиовещания
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присоединения технических средств теле-, радиокомпаний к сетям операторов телерадиовещания (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 4) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 18 января 2012 года "О телерадиовещании" (далее - Закон) и определяют порядок присоединения технических средств теле-, радиокомпаний к сетям операторов телерадиовещания.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа и.о. Министра информации и коммуникаций РК от 06.01.2017 № 2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В зависимости от среды распространения теле-, радиоканалов сети телерадиовещания подразделяются на:

      1) сети спутникового телерадиовещания;

      2) сети эфирного телерадиовещания;

      3) сети кабельного телерадиовещания.

      3.В Правилах применяются понятия, установленные Законом, а также следующие термины с соответствующими определениями:

      1) присоединение технических средств телерадиовещания к сети операторов телерадиовещания - организация технологического взаимодействия технических средств телерадиокомпаний и сетей операторов телерадиовещания, при котором становится возможным прохождение сигналов теле-, радиоканалов и оказание услуг по передаче и распространению теле-, радиоканалов по сетям оператора телерадиовещания;

      2) сеть оператора телерадиовещания - используемая оператором телерадиовещания совокупность технических средств и каналов связи, обеспечивающих распространение и трансляцию теле-, радиоканалов на территории, определяемой параметрами этих средств;

      3) сеть телерадиовещания - составная часть единой сети телекоммуникаций, составляющая единый производственно– технологический комплекс наземных и спутниковых систем вещания, используемых для распространения и трансляции теле-, радиоканалов на территории Республики Казахстан и иностранных государств;

      4) сигнал теле-, радиоканала - электрический сигнал теле-, радиоканала, технологические параметры которого определены в соответствии с техническими нормами и стандартами;

      5) точка присоединения - технические средства, входящие в состав сети телерадиовещания, с помощью которых осуществляется физическое подключение технических средств телерадиокомпаний и (или) технических средств сети телекоммуникаций, осуществляющих подачу сигналов телерадиопрограмм на сеть телерадиовещания, и обеспечивается возможность прохождения сигналов теле-, радиоканалов по сетям телерадиовещания.

2. Порядок присоединения технических средств теле-,
радиокомпаний к сетям операторов телерадиовещания

      4. В процессе разработки планов по организации телерадиовещания в населенном пункте, теле-, радиокомпания направляет оператору телерадиовещания заявление по форме согласно приложению к настоящим Правилам на получение условий присоединения технических средств телерадиовещания к сети оператора телерадиовещания.

      5. Оператор телерадиовещания, в течение 30 календарных дней со дня получения заявления теле,-радиокомпании, направляет в теле,-радиокомпанию письменное уведомление о наличии технической возможности присоединения технических средств телерадиовещания к сети оператора телерадиовещания с указанием технических и экономических условий такого присоединения.

      6. В случае отсутствия технической возможности присоединения технических средств теле-, радиокомпаний к сети оператора телерадиовещания, оператор телерадиовещания в течение 30 календарных дней со дня получения заявления теле-, радиокомпании направляет теле-, радиокомпании письменный отказ в обеспечении присоединения технических средств теле-, радиокомпании к сети оператора телерадиовещания с обоснованием причин.

      7. При планировании реконструкции и (или) модернизации технических средств телерадиовещания, влияющих на условия присоединения технических средств теле-, радиокомпаний, и (или) других сетей телерадиовещания, соответствующий оператор телерадиовещания не менее чем за 30 календарных дней оповещает об этом руководство теле-, радиокомпаний и операторов взаимодействующих сетей и согласовывает время изменения технических условий присоединения.

      8. Условия присоединения технических средств телерадиовещания к сетям операторов телерадиовещания и их взаимодействия подразделяются на технические и экономические.

      9. Технические условия присоединения технических средств телерадиовещания к сетям операторов телерадиовещания и их взаимодействия должны содержать следующую информацию:

      1) местонахождение точек присоединения к сетям телерадиовещания;

      2) технические параметры точек присоединения к сетям телерадиовещания;

      3) требования к техническим параметрам сигналов теле-, радиоканалов в точках присоединения к сетям телерадиовещания;

      4) объем, порядок и сроки выполнения работ по присоединению к сетям телерадиовещания;

      5) передачу сигналов теле-, радиоканалов по сетям телерадиовещания с разграничением зоны ответственности;

      6) эксплуатационно – техническое обслуживание средств и сетей телерадиовещания;

      7) принятие мер по обеспечению устойчивого функционирования сетей телерадиовещания, в том числе в чрезвычайных ситуациях.

      10. Экономические условия присоединения технических средств телерадиовещания к сетям операторов телерадиовещания и их взаимодействия должны содержать следующую информацию:

      1) перечень экономических условий присоединения;

      2) перечень услуг присоединения технических средств телерадиовещания к сетям операторов телерадиовещания, а также их стоимость;

      3) перечень услуг передачи сигналов теле-, радиоканалов по сети оператора телерадиовещания, а также их стоимость;

      4) расчеты за услуги по распространению сигналов теле-, радиоканалов по сетям операторов телерадиовещания.

      11. Технические и экономические условия, необходимые для организации присоединения технических средств являются неотъемлемой частью договора между оператором телерадиовещания и теле-, радиокомпанией.

      12. Условия присоединения технических средств телерадиовещания к сети оператора телерадиовещания и их взаимодействие отражаются в договоре.

  Приложение
к Правилам присоединения технических
средств телерадиокомпаний к сетям
операторов телерадиовещания

      форма

       ______________________________________________________________

       Кому (Полное наименование оператора телерадиовещания: юридического лица и

       (или)фамилия, имя, отчество – при наличии физического лица)

       ______________________________________________________________

       От кого (Полное наименование телерадиокомпании: юридического лица и (или)

       фамилия, имя, отчество – при наличии физического лица)

ЗАЯВЛЕНИЕ

       Прошу предоставить условия присоединения технических средств

      телерадиокомпаний к сети __________________________ телерадиовещания

       спутникового, эфирного или кабельного

      _____________________________________________________________________

       Наименование оператора телерадиовещания

       Сведения о телерадиокомпании:

       1. Полное наименование телерадиокомпании:

       ______________________________________________________________

       2. Юридический адрес и место нахождения телерадиокомпании:

       ______________________________________________________________

       3. Номера телефонов, факсов:

       _______________________________________________________________

       4. Фамилия, имя, отчество - при наличии, номер телефона, факса,

       E-mail контактной персоны:

       _______________________________________________________________

       5. Наименование теле-, радиоканала:

       _______________________________________________________________

       6. Планируемая территория распространения и пункты трансляции теле-, радиоканала:

       _______________________________________________________________

       7. Среда распространения теле-, радиоканала:

       _______________________________________________________________

       спутниковая, эфирная или кабельная

       8. Информация о наличии сигнала теле-, радиоканала в сетях

      телерадиовещания и (или) телекоммуникации:

       ______________________________________________________________

       Наименование сети телерадиовещания и (или) сети телекоммуникации и оператора

       Руководитель _____________ __________________________________

       (подпись) (фамилия, имя, отчество - при наличии)

       место печати

       "____" __________________20___г.

       Заявление получено: "___" _________________20___г.

       _____________________________________________________________

       (подпись, фамилия, имя, отчество – при наличии, ответственного лица оператора

       телерадиовещания)