Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 383 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8272 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2009 жылғы 26 мамырдағы № 104 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5713 тіркелген);

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 264 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6020 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз сегізінші абзацын және 4-тармағының жетпіс алтыншы абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тізбенің 1-тармағының жиырма үшінші, бір жүз елу екінші абзацтары, 4-тармағының тоқсан үшінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Тізбенің 1-тармағының елу сегізінші, жетпіс бірінші абзацтары, 4-тармағының он төртінші, жиырма тоғызыншы абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 383 қаулысымен бекітілді

Банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 29 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнiнен кешiктiрмей Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептiлiгiн қоса бере отырып, банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есептi қағаз тасымалдауышта ұсынады.

      Бұл ретте банк конгломераты қатысушыларының бұрын уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6890 тіркелген) бекітілген Қаржы ұйымдарының және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған қаржылық есептілігі қоса берілмейді.

      Банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есепке:

      Нормативтік мәндердің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тәуекелдiң дәрежесi бойынша мөлшерлеген банк конгломераты қатысушыларының активтерi, шартты және ықтимал мiндеттерi бойынша мәлiметтер;

      Нормативтік мәндердің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына банк конгломераты қатысушыларының инвестициялары бойынша мәліметтер;

      Нормативтік мәндердің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк конгломераты қатысушыларының бағалы қағаздары портфелінің құрылымы бойынша мәліметтер;

      Нормативтік мәндердің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк конгломераты қатысушыларының топ ішілік мәмілелер бойынша мәліметтер;

      Нормативтік мәндердің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк конгломератының меншікті капиталының он және одан да көп пайызы болатын үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы банк конгломератының барлық міндеттемелері бойынша мәліметтер;

      оның тұрған елiндегi қызметін реттейтiн тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген Қазақстан Республикасының резидентi емес банк конгломераты қатысушыларының нормативтiк мәндерi, пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi туралы мәлiметтер;

      банк конгломератының өткен жылдың төртiншi тоқсанында пруденциалдық нормативтердi орындауы туралы есеп уәкiлеттi органға есепті жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрілмей ұсынылады.";

      6-қосымшаның "банк конгломераты қатысушыларының есепті күндегі жағдай бойынша қолданыста болатын банк конгломератының меншікті капиталының он және одан да көп пайызды құрайтын үшінші тұлғалар (тұлғалар тобының) алдындағы барлық міндеттемелері туралы мәліметтер" кестесінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банк конгломераты қатысушыларының есепті күндегі жағдай бойынша қолданыста болатын банк конгломераты меншікті капиталының он және одан да көп пайызын құрайтын үшінші тұлғалар алдындағы барлық міндеттемелері туралы мәліметтер".

  Банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады