"Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 113-7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 113-740 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 732 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 113-318 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № 113-318 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 113-7 қаулысына (2012 жылғы 2 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 712 болып енгізілді, «Вечерняя Астана» газетінің 2012 жылғы 11 ақпандағы № 17 (2782); «Астана ақшамы» газетінің 2012 жылғы 11 ақпандағы № 17 (2778) сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру қағидасында:
      18-тармақтың бірінші абзацындағы «18-тармағында» деген сандар мен сөз «17-тармағында» деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын;
      23-тармақтағы «19-тармағының» деген сандар мен сөз «18-тармағының» деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын.
      2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады