"Бәсекелестік ортаға беруге жататын Астана қаласы коммуналдық меншік объектілерінің тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 113-344 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 113-1316 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қыркүйекте нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 742 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 113-1110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 113-1110 қаулысымен (05.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Бәселестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы орынбасарының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 330-НҚ және Астана қаласы бойынша монополияға қарсы инспекциясы бастығының 2012 жылғы 2 тамыздағы № 74-НҚ бұйрықтарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бәсекелестік ортаға беруге жататын Астана қаласы коммуналдық меншік объектілерінің тізімін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 4 мамырдағы № 724 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы № 136-137 (26955-26956) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 113-344 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      реттік нөмірі 16 жол алынып тастасын.
      2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Астана қаласы әкімдігінің интернет ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады