2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № А-3/136 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 сәуірде № 3424 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 2013 жылғы 11 маусымдағы № 1.5-13/8492 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 11.06.2013 № 1.5-13/8492 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері шақыру комиссияларын құрсын.
      3. Аудандардың, Көкшетау мен Степногорск қалаларының шақыру комиссияларының жұмыстарына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
      4. 2-қосымшаға сәйкес мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу кестесі бекітілсін.
      4-1. 3-қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясының резервтік құрамы бекітілсін.
      Ескерту. Шешім 4-1 тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.08.06 № А-9/385 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен
      5. “Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы” мемлекеттік мекемесінің бастығы шақыруды өткізудің басталуына қарай қалалық, аудандық және облыстық медициналық комиссияларды құрсын.
      6. “Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті” мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) облыстық жиналу пунктінің әскерге шақырылатындар командаларын құру және Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға жөнелту жөніндегі жұмысына бақылауды ұйымдастырсын.
      7. “Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы” мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі материалдық- техникалық іс – шараларды қамтамасыз етуді жүргізсін.
      8. “Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті” мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) 2012 жылғы сәуір-маусымында және 2012 жылғы қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпаратты ұсынсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.
      10. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     Қ.Қожамжаров

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Старцев

      «Ақмола облысы ішкі істер
      департаменті» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Қажкенов

Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ А-3/136 қаулысына 1-қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының құрамы

Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары шақыру комиссиясының төрағасы;

Старцев Александр Николаевич

"Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті

Комиссия мүшелері:

Нұрахметов Сағатбек Төлеубайұлы

“Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Жиеналин Жангелді Есенгелдіұлы

“Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы“ мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы;

Субач Лейла Леонидовна

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық бикесі, комиссияның хатшысы

Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ А-3/136 қаулысына 2-қосымша

Мерзімді әскери қызметке азаматтарды
шақыруды жүргізу кестесі

р/с

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдер

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты -9.00-ден 18.00-ге дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1

Ақкөл

2,13

3,16

1,13

3,15

1,15

3,20

2

Аршалы

2,26

3,13

1,13

3,15

2,16

3,19

3

Астрахан

2,19

4,18

4,15

4,18

2,16

5,24

4

Атбасар

2,20

11,24

6,20

5,19

5,19

6,24

5

Бұланды

2,25

11,25

6,20

4,19

7,21

7,14

6

Еңбекшілдер

2,11

14,25

7,21

8,22

7,21

7,17

7

Ерейментау

2,20

16,30

8,22

10,24

8,22

10,24

8

Есіл

2,11

16,30

8,22

10,24

9,23

10,20

9

Жақсы

2,13

17,31

10,24

12,26

9,23

13,20

10

Жарқайың

2,13

4,17

13,27

15,26

12,26

14,21

11

Зеренді

2,25

7,21

11,25

15,29

14,28

13,20

12

Көкшетау

2,30

10,18

14,28

17,31

14,26

19,27

13

Қорғалжын

2,11

11,24

15,29

17,31

15,29

6,27

14

Сандықтау

2,11

11,25

14,28

3,15

16,30

7,28

15

Степногорск

2,26

14,25

1,14

4,12

1,15

7,28

16

Целиноград

2,26

16,30

4,15

4,18

2,16

3,20

17

Шортанды

4,13

14,28

4,15

5,19

2,16

3,21

18

Щучье

2,26

17,31

6,20

8,22

5,19

5,26

Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ А-3/136 қаулысына
3-қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының резервтік құрамы

      Ескерту. Шешім 3 қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.08.06 № А-9/385 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен

Қайнарбеков Асхат Қанатұлы

 
-

Ақмола облысы әкімінің
орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы;

Сүндетов Қасым Қадырұлы

 
-

“Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті” мемлекеттік мекемесі бастығының бірінші орынбасары, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Комиссия мүшелері:

Баймурзин Болат Рамазанұлы

 
-

“Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облыстық ішкі істер департаменті” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Мәженова Гүлбахира Елментайқызы

 
-

“Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы“ мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы;

Немешева Елена Владимировна

 
-

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы “Ақмола облыстық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады