"Ақмола облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалға алу) қағидасын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № А-10/472 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № А-12/553 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 желтоқсанда № 3538 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № А-7/348 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 14.08.2013 № А-7/348 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақмола облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалға алу) қағидасын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № А-10/472 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3416 болып тіркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде 2012 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген Ақмола облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалға алу) қағидасында:
      5-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «2) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және объектілердің баланс ұстаушыларына қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан өнім берушілерге үй-жайлар, жабдықтар беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізінде жүргізіледі.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Қ.Қожамжаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады