2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № А-140 қаулысы. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 сәуірде № 1-4-204 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Ақшинеевқа жүктелсін.
      3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі                     Е.Маржықпаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Аршалы
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Р.Нүркеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады