2012 жылға арналған Аршалы ауданының селолық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 7/4 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 тамызда № 1-4-215 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 11/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүзден айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе құрылысына бюджеттік кредит түрінде 2012 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Аршалы аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 43/10 «2012 жылға арналған Аршалы ауданының селолық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-4-199 тіркелген, 2012 жылдың 31 қаңтарында аудандық «Вперед» газетінде, 2012 жылдың 3 ақпанында аудандық «Аршалы айнасы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Э.Алиев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ю.Сериков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аршалы ауданының әкімі                     Т.Мұханбеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады