Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С-11/6 "Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық қызметтер мен телефондық абоненттік байланыс қызметтерін пайдалану үшін төлеуге, тұрғын үй көмегін беру ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № С-4/4 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 мамырда № 1-10-163 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № С-15/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 26.04.2013 № С-15/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына«Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы» қаулыларының негізінде Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С-11/6 «Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға ) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерін пайдалану үшін төлеуге, тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-81 тіркеліп, 2009 жылғы 13 ақпанда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2009 жылғы 14 ақпанда аудандық «Сельская новь» газетінде жарияланған)  шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы»;
      Ереженің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережесі»;
      2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) шығындардың орнын толтыру үшін төлеу бойынша:
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметін тұтыну;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн.»;
      14 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «14. Тұрғын үй көмегіне үміткерлер немесе оны алушы отбасылар, оны ресімдеу үшін өтінішпен қосымша келесі құжаттарды (түп нұсқа және көшірмесі) ұсынады:
      1) меншік иесімен бірге (жалдаушымен) тұрғын үйде тұратын барлық отбасылары мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
      2) тұрғын үйге, құқықтықты белгілейтін құжат (жекешелендіруші шарты, сыйға берілген шарт, сатып-алу шарты және басқалары);
      3) тұрғылықты тұратын орны бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
      4) отбасының табысы мен басқа да мәлімделген табыстар (алдыңғы тоқсандағы) мәліметтері;
      5) әділет органдарынан № 4 формалы анықтама;
      6) тұрғын үйді ұстауға төленген, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлем ақы ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін (алдыңғы тоқсандағы), жұмыссыздық жөніндегі тіркелген анықтама туралы, стандартты емес газ плиталы үйлер үшін, газ баллондарын сатып алу туралы түбіртек (алдыңғы тоқсандағы) мәліметтер.»;
      18 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «18. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегі кызметіне өзінің меншігіндегі тұрғын үй нысанында қандай да болмасын өзгерістері туралы, отбасы құрамы және оның жиынтық табысы, сонымен қатар мәртебесі туралы 10 күнтізбелік күн ішінде ақпарат беруге тиісті.»;
      19 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «19. Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартқан жағдайда, егер күрделі жөндеу және (немесе) кондоминиум объектілерінің жалпы мүліктеріне күрделі жөндеуге жинақталған қаржы жарналар, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефондық абоненттік байланыс қызметінің бөлігіндегі төлем ақының көтерілгені үшін, осы мақсатқа тұрғын отбасының үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының белгіленген шығыстарының шекті деңгейінен 11 % аспайтын болса.»;
      Егер тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу тоқталады.»
      28 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «28. Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде есептейді.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       И.Магерко

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    С.Есполов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының әкімі                Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады